QUESTIONS AND ANSWERS

 

Достар,
Q&A (questions and answers) айдары аясында біз сізге ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді жалғастырамыз.

 

Бүгінгі Q&A тақырыбы: «Болашақ»бағдарламасы аясында білім алу.

 

1. Басым мамандықтар тізімі қалай қалыптасады?

 

Басым мамандықтар тізбесі халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның (ҚР ЕХӘҚМ) Еңбек нарығы қажеттілігінің орта мерзімді болжамын ескере отырып, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде қалыптастырылады.

 

2. «Болашақ» бағдарламасының түлегі стипендияға екінші рет үміткер бола ала ма?

 

«Болашақ» стипендиясына құжаттарды тапсыру кезінде түлек ҚР аумағында еңбек өтілін толық аяқтаған болуы қажет.

 

3. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде стипендиаттың отбасы мүшелерінің оқу еліндегі жол жүру және тұру ақысы төлене ме?

 

«Болашақ» стипендиясын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады және ол оқу шығындарын, ЖОО-ның, ғылыми, орталықтың, зертхананың талап етуі бойынша міндетті қызметтерді төлеуді, визаны ресімдеуді, медициналық тексеруді, консулдық алымды, шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, зертханалардың төлемдерін төлеуді, стипендиаттарды қабылдаушы елдердің уәкілетті органдарында тіркеуді, тұруды, тамақтануды, оқу әдебиетін сатып алуды, медициналық сақтандыруды, банк карточкасын дайындауды, транскрипт сияқты қызмет көрсетуді жәнк Қазақстандағы тұрғылықты жерінен оқу орнына дейін жол жүруді қамтиды. Алайда, стипендия стипендиаттың отбасының шетелде тұруын қаржыландыруды көздемейді.

 

4. Ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде жоқ ЖОО-ға өз бетінше түскен жағдайда стипендия тағайындала ма?

 

Егер сіздің ЖОО «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің оқуы және ғылыми тағылымдамадан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтар мен зертханалардың тізіміне енгізілген жағдайда ғана конкурсқа қатысуға болады. Алайда, медицина мамандықтары немесе өнер саласындағы мамандықтар бойынша мамандар даярлауды жүзеге асыратын мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орны тізімде болмаған жағдайда, үміткерлердің материалдарын қарау және конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдауды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жұмыс органы жеке тәртіппен 10 күн ішінде жүзеге асырады.

 

5. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарында оқуға бола ма?

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік жоғары оқу орнының бас бөлімінде оқу көзделеді. Елден тыс жерде орналасқан оның филиалдарында оқуға рұқсат етілмейді.