SUCCESS STORY видео-баянына байқау

 

Халықаралық бағдарламалар орталығы мен Алматы Француз Альянсы бірлесіп, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында SUCCESS STORY видео-баянына байқау жариялайды.

 

Байқау «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 27 жылдығына арналып отыр.

 

Сіз «Болашақ» бағдарламасының түлегі болсаңыз және өзіңіздің жетістіктеріңізбен бөліскіңіз келсе, онда біз сізді күтеміз!

 

Байқау шарттары:
– Болашақ бағдарламасының түлегі болу;
– Қазақстан аумағында тұру;
– Facebook-тегі @afalmaty, @Bolashaq Presidential Scholarship, @Bolashaq Talent Management парақшаларына жазылу;
– Өзіңіздің жетістігіңіз туралы бейне түсірілім әзірлеу;
– Бейнематериалды pressbolashak@gmail.com поштасына жіберу.

 

Бейнематериалға қойылатын талаптар:
– Ұзақтығы 1 минуттан аспауы керек;
– Қазақ, орыс, француз немесе ағылшын тілдерінде түсіруге болады;
– Көлденең формат.

 

Өтінімдер 2020 жылдың 23-30 қазан аралығында қабылданады;

 

Бейне түсірілімдерге дауыс беру (лайктар саны бойынша) 2020 жылдың 1-5 қараша аралығында Халықаралық бағдарламалар орталығының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жүргізіледі.

 

5 қараша, сағат 16:00-де жеңімпазды жариялау рәсімі өтеді.

 

Байқау жеңімпаздарына берілетін сыйлықтар:
1 орын – кез-келген деңгейдегі француз тілі курсына купон (жыл бойы жарамды, купон жеке емес);
2 орын – DELF немесе DALF халықаралық сертификациялауынан өту: жеңімпаз өз қалауы бойынша A1, A2, B1, B2, C1, C2 деңгейді таңдайтын болады;
3 орын – Ev@lang онлайн диагностикалық тестілеуінен өту (2 сыйлық).
Алматы Француз Альянсы Францияның Қазақстандағы елшілігімен бірлесе отырып байқаудың демеушісі болып табылады.