SUCCESS STORY

 

Сексембаев Мәлік Жамалбайұлы – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ресей медициналық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру академиясынан «Oнкология» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны тәмамдаған.

 

Қазіргі таңда Солтүстік Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінің хирургия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

 

Мәлік Жамалбайұлы облыста асқазан мен өңешке аралас операция жүргізетін жалғыз хирург.

 

Облыстық диспансерде «Олимпус» фирмасының «Тандербит» коагулятор жаңа аппаратын пайдаланудың бастамашысы болып табылады. Бұл аппарат дәрігерлерге минималды инвазивті эндовидеоскопиялық, лапароскопиялық операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. Егер бұрын операция кезінде қан кету қаупі болса, қазір жаңа аппарат тамырларды «дәнекерлейді» және операция асқынусыз өтеді.

 

Оның басшылығымен жыл сайын 700-ден астам операциялар жүргізіледі және оның саны жыл сайын артып келеді.

 

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде күрделі операциялардың саны да ұлғаюда. Бұл өңеш пен ұйқы безіне, асқазан мен бауырға, цистэктомия (қуықты алып тастау) және простата обырындағы простатаны алып тастау және т.б. операциялары.