SUCCESS STORY

 

Диас Әзімжанов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Нью-Йорк кино академиясынан (NYFA) Кино және ТВ режиссурасы мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

 

Қазіргі уақытта Диас Vox Populi медиа-порталының режиссері әрі директоры болып табылады. Сондай-ақ, еліміздің шығармашылық жастарын белсенді қолдай отырып, университетте драматургия негіздері мен кино тарихынан сабақ береді.

 

Диас CBS телеарнасының Қазақстандағы түсірілім командасының Amazing Race танымал жобасына қатысып үлгерді.
Жобамен толығырақ мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://www.cbs.com/shows/amazing_race/

 

Сондай-ақ Диастың іске асырған жобаларының қатарында мыналарды атап өтуге болады:

 

«Внутри» (INTERIUS) – отбасы мен өз ішінде соғысқа тап болып, екі жылдан кейін үйіне оралған әскери тілші қыз туралы көркем фильм.
Ел / жыл: Қазақстан – АҚШ, 2018
Фильмді мына жерден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=dxl35Chq1Jo&t=5s

 

«Поколение Z» – жасөспірімдер туралы және ата-аналармен қарым-қатынастағы проблемалар туралы деректі фильм. Фильмді мына жерден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=cxYJlLxMlZY

 

«Гибель бизнеса в Казахстане» арнайы жобасы (шағын деректі фильмдер сериясы).
Өндіріс күні: 2020 (жалғасуда)
Эпизодтардың бірін мына жерден көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=AhUCqURrjdQ

 

Сонымен қатар, Диас Қазақстандағы және одан тыс жерлердегі музыкалық бейне баяндар мен түрлі роликтердің авторы.

 

Қазір режиссер толықметражды көркем фильмге сценарий жазу үстінде және тележобаның біріне дайындық жүргізуде.