SUCCESS STORY

 

Азат Сембаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. «Экономика» мамандығы бойынша Ұлыбританияның University of Warwick оқу орнынан бакалавриат тәмәмдаған.

 

2019 жылы АҚШ-тың Berkeley, University of California оқу орнынан «Бизнес әкімшілендіру» магистрі дәрежесін алған.

 

Қазіргі уақытта Азат стратегиялық басқарумен байланысты міндеттерді шешуге маманданған McKinsey& Company халықаралық консалтингтік компаниясында жұмыс істейді.

 

Жетістіктері:

 

– Әлемнің жетекші консалтингтік компанияларында жұмыс істеген 5 жыл ішінде ірі корпорациялар үшін тау-кен және мұнай-газ, қаржы және білім беру салаларында, соның ішінде ірі ауқымды трансформацияларда бизнесті дамыту стратегиялары мен ақпараттық технологияларды әзірлеу бойынша 20-ға жуық жобаны жүзеге асырды. Жобалар географиясы Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Австралия, Сауд Арабиясы және Кувейт сияқты көптеген елдерді қамтиды.

 

– Миссиясы Қазақстан жастарын жаһандық технологиялық экожүйеге интеграциялау болып табылатын Boundless Group компаниясының тең құрылтайшысы. Boundless Group қазақстандық бағдарламашыларға АҚШ-тағы стартаптар үшін қызықты және жоғары ақы төленетін жобалармен жұмыс істей отырып, өз елінде өзін-өзі жүзеге асыруға көмектеседі. 2019 жылы компания 50 000-нан астам компания арасынан Hult Prize халықаралық байқауының 40 қатысушысының бірі болды.

 

– 2018 жылы Сан-Франциско қаласындағы қайырымдылық марафоны аясында Азат аутизмге ұшыраған балаларға көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Түскен қаржы «Ерекше әлем» қоғамдық қорына жіберілді. Осы бастаманың арқасында Семей қаласында жалпы білім беретін мектеп базасында инклюзивті білім беруді қолдау үшін алғашқы ресурстық кабинет ашылды. Нәтижесінде аутизмге шалдыққан бірнеше бала бірден мектепке баруға және басқа балалармен қатар оқуға мүмкіндік алды.

 

– Ironman триатлеті: 2019 жылдың қорытындысына сәйкес Қазақстанда 2-орын алып, өзінің жас санаты бойынша Ironman жаһандық рейтингісінде үздік атлеттердің топ 5% қатарына кірді.