SUCCESS STORY

 

Серік Жартыбаев – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. University of Leeds оқу орнынан «International Educational Management» мамандығы бойынша манистратура тәмәмдаған.

 

Қазіргі уақытта Павлодар Ақпараттық технологиялар колледжін басқарады.

 

Жетістіктері:

 

– «Қазақстанда дуальды оқыту моделін енгізу және бейімдеу перспективалары» тақырыбында ғылыми еңбектері, жарияланымдары, авторлық әзірлемелері бар. Сондай-ақ ағылшын тіліндегі педагогикалық ғылыми еңбектердің авторы;

 

– ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хаты, Ы. Алтынсарин төсбелгісі, әртүрлі деңгейдегі грамоталар мен алғыс хаттардың иегері;

 

– 2017 жылы Серік Жартыбаевтың жетекшілігімен С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы колледж ашылды;

 

– «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжі басшысы болып жұмыс істеген уақытта Германия, Беларусь, Ресей, Түркия, Финляндия, Ұлыбритания және басқа да ауылшаруашылық салалық кәсіпорындарымен және мекемелерімен халықаралық ынтымақтастық орнатылды;

 

– 2019 жылы «Ertis» жоғары Инновациялық аграрлық колледжі базасында ТМД елдерінің колледждері арасында баламасы жоқ ветеринариялық оқу-зертханалық кешені құрылды. Онда кез келген күрделі ветеринариялық операциялар жасалып және жануарларға УДЗ жүргізіледі, сондай-ақ жануарларға арналған стоматология жұмыс істейді;

 

– 2019 жылы Deula неміс Ауыл шаруашылығы академиясында (Нинбург қ., Германия), «МИСиС» ұлттық зерттеу технологиялық университетінде (Мәскеу қ., Ресей) біліктілікті арттыру курстарынан өткен.