SUCCESS STORY

 

Дина Бұғыбаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

 

Ұлыбританиядағы Эдинбург университетін, Рослин институтында «Animal Biosciences» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Диссертация тақырыбы: «Сүйек кемігінің магрофагтарына Trem2 генінің иммунорегуляторлық әсерін зерттеу».

 

Қазіргі уақытта Дина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (БҚПҒЗИ) ғылыми қызметкері.

 

Жетістіктері:

 

– «Адамға арналған жаңа векторлық вакцинаны әзірлеу» гранттық қаржыландыру бойынша жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу жобасының орындаушысы. 2018-2019 жж. осы ғылыми жұмыстың нәтижелері АҚШ, Иллинойс, Чикаго қ., CRWAD-2019 100-ші халықаралық конференциясында постерлік презентациямен ұсынылды;

 

– Халықаралық журналдарда 2 қолжазбасы, отандық басылымдарда 2 ғылыми жұмысы жарияланды.

 

Әлеуметтік жобалары:

 

– Алматы қаласындағы АҚШ Консулдығында волонтер. Ағылшын тілін оқыту үшін Music English Club бағдарламасын ұйымдастырушы;

 

– 2016 жылы көрсеткен қызметі үшін АҚШ Консулдығының арнайы марапптына ие болды және т.б. көптеген алғыс хаттардың иегері;

 

– Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ жас ғалымдар кеңесінің төрағасы;

 

– Гвидо Бернардини қорының стипендия иегері, Италия, 2016 ж.