SUCCESS STORY

 

Ғалым Байтымбетов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританиядағы University College London оқу орнынан «Инновация және кәсіпкерлік инженерия» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

 

Бүгінде Ғалым «Aqua Point Kazakhstan» ЖШС негізін қалаушы әрі бас директоры.

 

Жетістігі:

 

2016 жылы Қазақстанда ауыз су бұрқақтарын және басқа да заманауи су беру тәсілдерін дамыту арқылы сапалы ауыз суды қолжетімді етуге арналған AquaPoint компаниясын құрған. Сол жылы AquaPoint бағдарламасы «Cәби» қайырымдылық қорының «Өз бизнесіңді аш» және «Болашақ» қауымдастығының «Bolashak Start-Up 2» шағын бизнеске арналған байқауларында жеңімпаз атанды. Компания бизнесті одан әрі дамыту үшін ақшалай гранттар мен жүлделі орындарға ие болды.

 

AquaPoint – елімізді ауыз су бұрқақтарымен қамти отырып, оларды әсіресе мектептерде орнатумен айналысатын алғашқы қазақстандық компания. Оның басты мақсаты тұтынушыларды тегін таза ауыз сумен қамтамасыз ету.

 

Ал біз Ғалымның алдағы еңбегіне тек сәттілік тілейміз!