SUCCESS STORY

 

Камила Роллан – «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

 

Ұлыбританияның Кембридж университетінде докторантура бағдарламасы бойынша білім алуда.

 

Жетістіктері:

 

– Камила – «Education For all» инклюзивті білім беру орталығының негізін қалаушы әрі жетекшісі. Бұл-сауаттылық, шығармашылық, сондай-ақ тәуелсіз өмір және жұмысқа орналасу дағдыларын дамыта отырып, ерекше қажеттіліктері бар мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастарға инклюзивті ортада білім алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік жоба әрі білім беру орталығы;

 

– Магистратураны аяқтағаннан кейін БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорында Балалардың құқықтарын қорғау және инклюзия бойынша Ұлттық консультант болып жұмыс істеді;

 

– «Inclusive Education in a post-Soviet Context» кітабының (оқулықтың) бірінші тарауын жазуға атсалысты;

 

– «Білім Керуені» жобасы үшін «STEM және инклюзивті білім беру» онлайн-тренингін әзірледі;

 

– Қазақстан қоғамдық даму институтының форсайттық зерттеулерінің сарапшысы;

 

– Equalities Officer – Клэр Холл колледжінде теңдік, әртүрлілік және инклюзия үшін жауапты тұлға;

 

– Камила сондай-ақ, азғантай этникалық студенттердің теңдігін қамтамасыз ету жөніндегі комитеттің мүшесі және колледждің қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының мүшесі;

 

– Кембридж университеті білім беру факультетінің зерттеу ассистенті;

 

– Қазіргі уақытта Камила оқу бағдарламасы аясында өзінің жеке зерттеу жұмысын жүргізуде.