SUCCESS STORY

 

 

Дәрмен Жолтай – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. АҚШ-тағы Purdue University оқу орнынан «Актуарлық ғылым» мамандығы бойынша бакалавр бағдарламасын тәмәмдаған.

 

Әрі қарай Дәрмен Мюнхен техникалық университетінде «Қаржы математикасы және актуарлық ғылым» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды.

 

Қазіргі уақытта «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС-де серіктес болып жұмыс істейді.

 

Жұмыс барысында ол телекоммуникациялық, көлік-логистикалық және мемлекеттік сектордағы компаниялар үшін жобаларды табысты іске асырды.

 

Тұтынушылардың бизнес-стратегияларына, оның ішінде бизнес-процестерге, ұйымдастырушылық және операциялық модельдерге талдау жасады.

 

Дәрмен тұтынушылардың стратегиялық бастамаларын әзірледі және олардың бизнесіне, қаржылық және операциялық көрсеткіштеріне әсерін анықтады.

 

Сондай-ақ, ол стратегиялық бастамаларды енгізудің кезеңдік жол картасын әзірледі.

 
 

2019 жылы өз командасымен бірге «Atyrau Energy Challenge» бағдарламашылар, әзірлеушілер және web-шеберлер конкурсында екінші орын иегері атанды.
——