SUCCESS STORY

 

Жібек Үсембаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ҚР және РФ Техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Жоғары Мектеп Академиясының академигі.

 

АҚШ-тың Джордж Вашингтон университетін «Халықаралық стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген.

 

Қазіргі уақытта Алматы технологиялық университетінде профессор.

 

Жетістіктері:

 

– 300-ден астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 15 оқулық пен монография, 30-дан астам кітап, 40-қа жуық патенттер мен алдын-ала патенттер бар;
– 20-дан астам мамандықтардың, оның ішінде «Тамақ және қайта өңдеу өндірісі», «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Биотехнология», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және т. б. бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен Оқу-әдістемелік кешендерінің авторы;
– ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің тізбесіне енгізілген басылымдарда 5 мақаласы жарияланған;
– Ағылшын тілінде Пәннің оқу-әдістемелік кешендерін әзірледі, олар оқу процесінде қолданылып келеді;
– Жапония, Францияда және т.б. елдерде өткен Тамақ өнімдері мен сусындардың әр түрлі халықаралық көрмелеріне қатысты;
– «ЖОО үздік педагогы – 2017» номинациясының жеңімпазы;
– Өзінің ғылыми мектебі бар: 3 техника ғылымдарының докторы мен 10 кандидатын және 50-ден астам магистрлерді, PhD докторларын дайындады.

 

Мемлекеттік марапаттары:

 

– «Құрмет» ордені;
– Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің медалі;
– «Мінсіз қызметі үшін» медалі;
– «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалі;
– «Астананың 10 жылдығы» медалі;
– «Астананың 20 жылдығы» медалі;
– «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
– АТУ мерейтойлық медалі.
– Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты;
– ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының алғыс хаты;
– «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы бастауыш партия ұйымының Төрағасынан алғыс хат;
– «Нұр Отан» ХДП бастауыш партия ұйымының Төрағасынан алғыс хат;
– ҚР БҒМ гранты және «ЖОО үздік педагогы» атағы;