SUCCESS STORY

 

Анар Ахметова – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияның Йорк Университетінде «Білім берудегі зерттеулер» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

 

Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін өзінің туған қаласы Өскеменге оралып, «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ)» еңбек етіп, алған білімін оқушыларға беруде. Ол Өскемен қаласындағы НЗМ-де директордың орынбасары ретінде 8 жыл, ағылшын тілі мұғалімі ретінде 10 жыл қызмет етті.

 

Жетістіктері:

 

– «Қазақстан жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы, 2020 жыл;
– «Үздік оқытушы-инноватор» республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы, 2020 жыл;
– Microsoft жаңашыл мұғалім сарапшысы, 2017 жыл;
– Bilimland ресурстарын қолдана отырып, көрнекті онлайн сабағы үшін алғыс хат иегері;
– Ғаламдық азаматтықты дамыту, мектеп аккредитациясы, білім беру көшбасшылығы, сондай-ақ ағылшын тілін оқыту бағытында көптеген ғылыми мақалалар мен әдістемелік құралдардың авторы;
– Халықаралық ғылыми журналдардың редакция алқасының мүшесі;
– «TES» ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының мүшесі;
– Мектептің басқарушы тұжырымдамалары, мектепті дамыту жоспары, PISA-ға дайындық, АКТ-ны сабақтарда қолдану, халықаралық мектептермен серіктестік қатынастарды құру бойынша бірқатар семинарлар мен шеберлік сағаттарын өткізді;
– KazTEA халықаралық конференциясында: «Орыс тілді адамға ағылшын тілінің айтылуын үйрету » тақырыбы бойынша зерттеуінің нәтижесін ұсынды, 2016 жыл;
– IX Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда: «Өскемендегі НЗМ тәжірибесі негізінде жазғы мектепті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша сөз сөйледі, 2017 жыл;
– Ғаламдық азаматтықты дамытуға арналған «Жаһандық азаматтың төлқұжаты» жобасының бастамашысы және енгізушісі;
– Қазақстан – 2050 ұлттық қозғалысының қатысушысы;
– Мәскеудегі Халықаралық мектептер кеңесінің тәуелсіз бағалаушыларының тағылымдамасынан өтіп, елдегі және шетелдегі мектептерді аккредиттеу бойынша командалық сапарларға қатысты.

 

Анар Ахметова Өскемендегі НЗМ-де халықаралық аккредиттеу жұмысын басқарды, сонымен бірге басқа мектептерге әдістемелік көмек көрсетті. Сондай-ақ, дербес білім беру ұйымы НЗМ-нің 2030-даму стратегиясына сәйкес бірқатар стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде басты рөл атқарды; шетелдік мұғалімдерді тарту және олардың жұмысын үйлестіру; үштілділік саясатын жүзеге асыру; жазғы мектепті ұйымдастыру; шетелдегі серіктес мектептермен байланыс орнату және қолдау; халықаралық аккредиттеу мектебінен өту. Сонымен қатар, Анар Ахметованың НЗМ тәжірибесін Қазақстанның білім беру жүйесіне таратудағы қосқан үлесі зор.