SUCCESS STORY

 

Жансұлтан Нұрмұханов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияның University of Warwick оқу орнынан «Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

 

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Қособа ауылының мектеп директоры қызметін атқарады.
2015-2016 оқу жылында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқытушы болып жұмыс жасады.

 

2016-2019 ж.ж. аралығында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Тарих, Құқық және Экономика пәндерінен үш тілде сабақ берді.

 

2019-2020 оқу жылында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі болды және Тарих пен Философия пәндерінен сабақ берді.

 

2020 жылдан бастап «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Жетістіктері:
Дүниежүзілік эсперантистер қауымдастығының мүшесі;
«Білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие;
Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұсынған «Мәншүк Мәметова» төсбелгісіне ие;
ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған ең үздік ғылыми жұмысқа арналған республикалық байқау дипломына ие;
Жансұлтанның есімі «Лучшие люди, лучшие в образовании» Халықаралық энциклопедиясына да енгізілген.

 

Оның өмірлік ұраны: «Тарихты білмей, қазіргі мен болашақтың мақсаттарын нақты түсіну мүмкін емес».