SUCCESS STORY

 

Абдурашид Мұсаев «Болашақ» бағдарламасының түлегі, А.Бакулев атындағы Ұлттық жүрек-қантамыр хирургиясы медициналық зерттеу орталығында «Жүрек-қантамыр хирургиясы» мамандығы бойынша клиникалық ординатураны бітірген.

 

Қазіргі уақытта Абдурашид Мұсаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ катетеризация зертханасының бөлім меңгерушісі болып табылады.

 

Жетістіктері:

 

– Туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауын диагностикалаудың, емдеудің интервенциялық әдістері саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар;
– Қазақстанда жұмыс істеу кезінде 1500-ге жуық эндоваскулярлық ота және туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары кезінде 2000-ға жуық инвазивтік диагностикалық ем-шаралар орындады;
– Интервенциялық кардиология мамандығы бойынша оқыды:
– «Туа біткен жүрек ақауларын окклюдерлерді қолдану арқылы емдеу», Словакия;
– «Жүрек клапандарын емдеудің кешенді тәсілі», Швейцария;
– «Диагностика мен емдеудің интервенциялық әдістері: перифериялық тамырлар», Ресей;
– «Жүректің қақпақшалы ақауларын интервенциялық емдеу», Германия;
– «Evolut TAVI Platform Efficient TAVI Training», Toulouse, Франция;
– «Құрмет» грамотасымен марапатталған;⠀
– ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен марапатталған.