SUCCESS STORY

 

Алтынай Мұқанова – Болашақ бағдарламасының түлегі, «Kazakh Invest» акционерлік қоғамында елдік менеджер болып қызмет атқарады.

 

Алтынай Ұлыбританиядағы University of Exeter оқу орнынан «Public administration» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

 

«Оқуды аяқтағаныма 10 жыл өтсе де, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқығанымды мақтан тұтамын. Мен үшін «Болашақ» бағдарламасы мансабымның локомотиві және кәсіби қызметімнің белгілі бір «бақытты билеті» деп айта аламын. Шетелде оқу барысында мен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас мемлекеттік қызметшілермен танысып қана қоймай, «Жауапты хатшылар институтын енгізудің әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің өзара іс-қимылына әсері» атты диссертациялық тақырыбым бойынша жан-жақты зерттеуіме мүмкіндік берді. Бұл тақырып қазір таңда аса өзекті мәселелердің біріне айналып отыр» – дейді Алтынай.

 

Қазір Алтынай Мұқанова Қазақстанға шетелдік инвестицияларды тарту саласында жұмыс істейді және инвестициялық жобаларды, инвестициялық преференцияларды және Қазақстанда бизнес жүргізу жеңілдігін іске асыру үшін мемлекеттің қолданыстағы қолдау шаралары бойынша бүкіл әлемнің инвесторларымен бастапқы келіссөздер жүргізеді.

 

Оның шетелде алған білімі мен халықаралық байланыстары инвесторлармен тиімді келіссөздер жүргізуге мүмкіндік туғызып отыр.