SUCCESS STORY

 

Ержан Қадырсізов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Рочестер технологиялық университетінің ​ «Инновациялық технологиялар» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.

 

2012 жылдан бастап ​ уран, электр-энергетика және тау-кен металлургия салаларындағы өнеркәсіптік компаниялар үшін инновациялық шешімдер ұсынатын ​ ​ «Capital Pool» финтех және «Aspans» компанияларының негізін қалаушы.

 

«ECapital» компаниясы – ASPANS-тың ​ no-code платформасын және кәсіпорындардың бизнес-жүйелерін ​ автоматтандыруға бағытталған өнімдерді әзірлейді. Компанияның өзінің жеке платформасы бар. Сонымен қатар, ​ түрлі өнеркәсіп саласында жұмыс тәжірибесі болғандықтан, аз уақыттың ішінде Қазақстанда тау-кен және энергетика кәсіпорындарын автоматтандыру бойынша бірқатар ірі жобаны іске асырды.

 

ASPANS платформасы – танымал технологиялық құралдар мен бағдарламалау тілдерін қолдану арқылы бизнес мәселелерді шешуге бағытталған. Сондай–ақ, ол веб, жұмыс үстелі және Мобильді қосымшаларды жан-жақты, жылдам және мейлінше шығынсыз ​ дамыту үшін жасалған өзекті жоба.

 

Ержан Қадірсізов 2014 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚТЖ» АҚ сияқты компаниялар үшін біріктірілген жоспарлау жүйесін әзірлеуді ұсынды. Бұл ретте, ол «Самұрық-Қазына» АҚ жоба жетекшісі және авторы қызметтерін атқарды.
Aspans компаниясы ​ ұсынған жаңашылдықтардың​ арқасында IT ​ шешімдерінің құны 100 есе арзандап, дамуы 10 есеге өсті.

 

2020 жылы Aspans компаниясы аталмыш жобаны Қазақстаннан өзге мемлекетте де​ жүзеге асырды. Мәселен, ​ оның бірі – ​ Ресей Федерациясындағы «Киров Энерго Маш» зауыты. Бұл – отандық өндірістегі тың​ шешімдерді экспорттаудың алғашқы көрінісі еді.