SUCCESS STORY

 

Асхат Жұмабеков – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Финляндияның JAMK қолданбалы ғылымдар университетінде «Білім беру саласындағы басқару» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамасын аяқтады.

 

Қазіргі уақытта «Семей қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі» филиалында физика пәнінің мұғалімі-сарапшысы, физика пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі болып жұмыс істейді.

 

Жетістіктер:

 

• «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығына үміткер, 2019;
• ҚР БҒМ «Үздік педагог 2018» атағының иегері;
• «Qalaga sińirgen eńbegi úshin» төсбелгісінің иегері, Семей қаласының әкімдігі, 2019;
• Қозғалыс президенті Олжас Сүлейменовтің «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының мерейтойлық медалінің иегері, 2019;
• «Жылдың үздік мұғалімі-2018 «ДББҰ» Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 20 филиалы арасында I орын;
• Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер бетінде ядросыз әлем құрғаны үшін» Алтын мерекелік медалі;
• «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы К. Н. Шәмшидинованың 2014, 2017 жылдардағы алғыс хаттары;
• 2016-2017 жылдардағы шығармашылық ынтымақтастық және басшылық үшін Ресей Федерациясы Иркутск облысының Білім Министрлігінің Алғыс хаты.

 

Асхат Жұмабековтің шәкірттері кәсіби біліктілігінің, кемелдікке ұмтылысының және шетелдік тәжірибесінің арқасында республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың, конкурстардың және ғылыми жобалардың жүлдегерлері болып табылады. Оның жетекшілігімен түлектер халықаралық білім гранттарының иегерлері атанады.

 

Сонымен қатар, Асхат Жұмабеков 3 кітаптың, 3 авторлық құқықтың және импакт-факторлы журналдарда, Қазақстан, Ресей Федерациясы, Финляндия, Ұлыбритания және Украина журналдарында, газеттерінде жарияланған 50-ден астам ғылыми жұмыстар мен мақалалардың авторы.