SUCCESS STORY

 

Дархан Біләлов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі, АҚШ-тың Northeastern University оқу орнынан «Педагогика ғылымдары және әлеуметтік саясат магистрі» дәрежесін алған.
Қазіргі уақытта Назарбаев университетінде қауымдастырылған профессор болып жұмыс істейді.
 

Жетістіктері:
• Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тұжырымдамасын жазуға қатысты;
• 2008-2009 жылдары ҚР Білім министрлігінің тапсырысы бойынша Дүниежүзілік банк үшін Қазақстанда әлемдік деңгейдегі университет құрудың техникалық тапсырмасын әзірледі;
• Ғылым және технологиялар мектебін, сондай-ақ Назарбаев университетінің Білім мектебін құру бойынша жұмыс істеді;
• Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының командасымен еліміздің 43 ЖОО-нан 1000 оқытушы қатысқан сауалнама арқылы бүкіл Қазақстан бойынша ірі сандық зерттеу жүргізді. Түрлі елдердің университет оқытушыларымен ірі халықаралық зерттеулерге қатысып тұрады;
• Қазақстандағы және шетелдегі университеттердің шақыруы бойынша баяндамалар жасап, дәрістер оқып тұрады;
• Ғылыми жобаларға қатысып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді, Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебінде сабақ береді.