SUCCESS STORY

 

Жансұлтан Нұрмұханов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританияда University of Warwick оқу орнында «Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық пен менеджмент» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданындағы Қособа ауылының мектеп директоры қызметін атқарады.

 

2015-2016 оқу жылында Орал гуманитарлық-техникалық колледжінде оқытушы болып жұмыс жасады.

2016-2019 ж.ж. аралығында Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде тарих, құқық және экономика пәндерінен үш тілде сабақ берді.

2019-2020 оқу жылында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде тарих пен философия пәндерінен сабақ берді, «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесіне жетекшілік етті.

2020 жылғы тамыздан бастап Батыс Қазақстан облысы «Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қособа орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

 

Жетістіктері:

– Дүниежүзілік эсперантистер қауымдастығының мүшесі;

– «Білім беру жүйесіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ие;

– Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы ұсынған «Мәншүк Мәметова» төсбелгісіне ие;

– ҚР Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған ең үздік ғылыми жұмысқа арналған республикалық байқау дипломына ие;

– Жансұлтанның есімі білім саласында жетістікке жеткен қатысушы ретінде «Лучшие люди, лучшие в образовании: Большая международная энциклопедия» (Мәскеу) жинағына да енгізілген.

 

Оның өмірлік ұраны: «Тарихты білмей, қазіргі шақтың мәні мен болашақтағы мақсатты нақты түсіну мүмкін емес».