SUCCESS STORY

 

Айнұр Бейсебаева – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінде «Химиялық технология» мамандығы бойынша магистратураны тәмәмдаған.

Қазіргі уақытта Айнұр Қайратқызы Атырау қаласындағы «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясында оңтайландыру жөніндегі аға инженер-технолог болып жұмыс істейді.

Жетістіктері:

– Өзінің технология бөлімінде жетекші инженерлердің бірі, топтың жұмысын үйлестіреді. Сондай-ақ ол инженер-технологтарды жұмысқа іріктеуге қатысты;

– 2010 жылы «ТеңізШевройл» Бас директоры Тим Миллердің атынан бу мен конденсат жүйесіндегі жобалық ақауды жойғаны үшін марапатқа ие болды;
2020 жылғы қаңтарда «ТеңізШевройл» Басқарушы командасының атынан екі өндірістік желіде қышқыл газдың өнімділігін арттырғаны үшін марапатқа ие болып, бұл өз кезегінде тәулігіне 1500 тонна мұнай беруге мүмкіндік берді. Бұл жетістік мұнай өндіруді тежейтін күкірт зауытын қайта өңдеу бойынша шектеулерді жойды.

АҚШ-та өндіріс қауіпсіздігі бойынша «Шеврон» компаниясында тағылымдамадан өткен.