БЕРДІБАЕВ ЕРҒАЛИ ТҰРАРБЕКҰЛЫ

Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: Ноттингем университеті
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2011-2012 жж.)
Мамандығы: Ақпараттық технологиялар және жүйелер
 

Ерғали Тұрарбекұлы Бердібаев Қазконтентте жұмыс істеген кезде мазмұнның өзектілігі мен тұтастығын тексеретін, ай сайын есеп түрінде министрліктер мен ведомстволардың рейтингін көрсететін Қазақстандағы мемлекеттік ұйымдардың ресми сайттарының рейтингін құру алгоритмі мен сценарийін жасады.

Сонымен қатар, Бердібаев Е.Т. Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IOI/ACM бағдарламалау тобын басқарды, оның шәкірттері АКТ, компьютерлік бағдарламалау және робототехника саласындағы әртүрлі конкурстар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Ерғали Тұрарбекұлы шәкірттерінің елеулі жетістіктері, ол робототехника бойынша Республикалық олимпиадада екінші жүлделі орын, Үндістандағы Робототехника бойынша Бүкіләлемдік олимпиадаға қатысулары, сондай-ақ аймақтық бағдарламалау конкурсында бірінші жүлделі орынға ие болды.

Сонымен қатар, Е.Бердібаев Шымкенттегі «Оңтүстік Болашақ» негізін қалаушылардың бірі.

Қазіргі уақытта Бердібаев Е.Т. оқуын Кореяның озық технологиялар институтында  (KAIST) докторантура бағдарламасы бойынша жалғастыруда.