Карибаева Инара Куатовна

1985 жылы туған. Сұлтанмахмут Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Политология» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2010–2020 жылдар аралығында Жастар корпусын дамыту жобасының Үйлестіру агентігі, «Қазақстан жастар конгресі» ЗТБ, «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ; «Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ; «Павлодар облысының Достық үйі» КММ жұмыс істеген.