КАТЬЕТОВА ӘЛИЯ ДҮЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Оқу елі::  Ұлыбритания
Жоғары оқу орны:  Рединг Университеті
Оқу бағдарламасы:  Тағылымдама (2013 ж.)
Мамандығы:  Педагогикалық диагностика, білім беру сапасын бағалау және басқару

Әлия Дүйсенбекқызы Катьетова бағалаудың 5 өлшемі негізінде (білім алушылар, түлектерді жұмысқа орналастыру, WorldSkills чемпионаттары мен халықаралық конкурстарда қатысу және т.б.) қазақстандық колледждерді рейтингілеу әдіснамасын әзірледі.

Ә. Катьетова 2012 жылы «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттеріне арналған 1-санатты арнайы пәндердің оқытушысы бола отырып, «Есептеу технологиясы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы студенттерінің өзіндік жұмысына арналған «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» оқу-әдістемелік құралын шығарды. 2011-2012 жылдары Әлия Дүйсенбекқызы оқу процесіне қашықтықтан білім беру технологияларын енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Тренингке Platonus АЖ-да және Moodle орналастыру мақсатында мамандықтардың электронды кейстерін, пәндердің электронды оқу-әдістемелік кешендерін, сонымен қатар АЖ деректерімен жылжымалы жұмыс жасау бойынша Қазақстанның 15-тен астам жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

Ә. Катьетованың республикалық және халықаралық маңызы бар 20-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар, олардың тақырыптары жоғары оқу орнына ақпараттық-талдау жүйелерін енгізуді қамтиды; деканаттар мен студенттер құрамы арасындағы құжат айналымын автоматтандыру проблемасы; бастауыш мектепте информатиканы оқыту әдістемесінің мәселелері туралы; қашықтықтан оқыту білім берудің балама түрі ретінде; қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру ережелері: практикалық сұрақтар.

Қазіргі таңда Ә. Катьетова Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінде бас менеджер болып істейді.