Кумарбекова Жансая Бакытжановна

1981 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі. Оқу шеңберінде «Экономикалық реттеу және бәсекелестік» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды (City University London, 2007).

2003 жылы «Ақмола жолдары» ААҚ жоспарлау-өндірістік бөлімінің экономисі.

2004-2008 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің №1 Өңіраралық салық комитетінің маманы.

2008 жылдан бүгінгі таңға дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жұмыс істеуде.