МАРАТ АЙДАР МАРАТҰЛЫ

Оқу елі: Жаңа Зеландия
Жоғары оқу орны: Окленд университеті
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2009-2010 жж.)
Мамандығы: Сәулет
 

Айдар Маратұлы Марат – COUNSELOR консалтингтік компаниясының негізін қалаушы. COUNSELOR – бұл тұрақты және инновациялық технологиялар, жобалау және басқару саласындағы компания.

А. Марат келесі ұйымдарда сәулет пен дизайнды дамытуға қатысты: «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, IT-стартаптардың «Астана хабы» Халықаралық технопаркі, Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы, «Астана IT университеті».

Қазіргі уақытта А. Марат «Астана» халықаралық қаржы орталығының инфрақұрылымды дамыту жөніндегі кеңесшісі.