Оразбаева Жанбота Абдолдақызы

1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Алматы бизнес колледжін «Маркетинг» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бакалавриатын, магистратуасын үздік бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, Ресей Федерациясының Президенті жанындағы РАНХиГС ЖОО-ның «Заңтану» мамандығы бойынша магистратуасын үздік бітірген (Мәскеу қаласы, 2018 жыл). Ресей Федерациясының Президенті жанындағы РАНХиГС ЖОО-ның «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат тарихы» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірген (Мәскеу қаласы). 2009-2010 жж. Алматы областық адвокаттар алқасында адвокат көмекшісі қызметін атқарған. 2010-2012 жж. Астана қаласының нотариалдық кеңсесінде нотариус көмекшісі қызметін атқарған. Нотариустың лицензиясы бар. 2012-2020 жж. мемлекеттік қызметте – Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде, Түркістан облысы бойынша Монополияға қарсы департаментінде жетекші маманнан бастап бөлім басшысына дейінгі лауазымдарда қызметін атқарған.