СҮЛЕЙМЕНОВА ДАНАРА МҰРАТҚЫЗЫ

Оқу елі:  Ұлыбритания
Жоғары оқу орны:  Эксетер Университеті
Оқу бағдарламасы:  Магистратура (2009-2010 жж.)
Мамандығы:  Қоғамдық денсаулық сақтау
Оқу елі:  Америка Құрама Штаттары
Жоғары оқу орны:  Сан-Диегодағы Калифорния Университеті
Оқу бағдарламасы:  Клиникалық ординатура (2018-2019 жж.)
Мамандығы:  Сүт бездерін мультимодалды сәулелі диагностикалау

Бірінші санаттағы онколог-маммолог, сүт бездері ауруларын сәулелі диагностикалау маманы Данара Мұратқызы Сүлейменова. Оның кәсіби құзыреттіліне сүт бездерінің қатерсіз және қатерлі ісік аурулары, мастопатия, профилактика және онкологиялық ауруларды ерте кезден анықтау кіреді.
Д. Сүлейменова 2011 жылы International visitor leadership programme (АҚШ мемлекеттік департаменті) бағдарламасының финалисі атанды.
Д. Сүлейменова сүт бездері ісігін ерте диагностикалаудың инновациялық әдістері бойынша көптеген жарияланымдардың авторы. Еуропа радиологтары қоғамының (ESR), Америка рентгенологтар қоғамының (ARRS), Солтүстік америка радилогия қоғамының (RSNA), Америка мамморадиологтар қоғамының (Society of breast imaging), Еуропа мамморадиологтар қоғамының (EUSOBI) мүшесі.
Қазіргі таңда Д. Сүлейменова «DiVera» медицина орталығының онколог-маммологы, сәулелі диагностика дәрігері болып қызмет атқарады.