СӘРСЕНБАЕВА ГҮЛЬЖАН ЕСКЕНДІРҚЫЗЫ

Оқу елі:  Ресей Федерациясы
Жоғары оқу орны:  А.Н. Бакулев атындағы Ғылыми жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығы
Оқу бағдарламасы:  Аспирантура (2004-2008 жж.)
Мамандығы:  Кардиохирургия
 

Медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты дәрігер Гүлжан Ескендірқызы Сарсенбаева балалардың жүрек ақауын ультрадыбыстық диагностикалау әдісін меңгерген кардиохирург. Ультрадыбыстық диагностикалау әдісі отаға дейінгі және отадан кейінгі жүрек патологиясын анықтауға көмектеседі.
Г. Сарсенбаева 2011 жылдан бастап педиатрия орталығының базасында кардиохирургия бөлімшесін ұйымдастыруға ат салысып келеді. Мамандар ұжымын, медицина қызметкерлерін жинап, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етумен айналысты. 2012 жылы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар кардиохирургиясы мен интервенциялық кардиология бөлімшесін ашып, меңгерушісі ретінде қызмет атқарды. Қазір бұл бөлімше жыл сайын жүрек пен қан тамырларына 500-ден аса операция жасайды. Мұнда жүрек патологиясы мен қан тамырларының ақауы бар 1000-нан астам балалардың ата-аналарына кеңес беріледі. Бөлімше базасында Италия, Украина, Польша, Түркиядан келген кардиохирургтермен шеберлік класстары өткізіліп тұрады.
Тәжірибелік қызметтен бөлек Г. Сарсенбаева республикадағы балалар денсаулығын зерттеу бойынша ғылыми техникалық бағдарламаларға қатысып, кардиология резиденттерін клиникалық тәлімгер ретінде оқытып, диагностика және туа біткен жүрек ақауы терапиясы, өңір мамандарын үйрету үшін консультативтік көмек көрсету және медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту мәселелері бойынша өңірлерде шеберлік кластарын өткізіп тұрады.
Қазіргі таңда Г. Сарсенбаева Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының балалар кардиохирургі болып қызмет атқарады.