Төлегенова Арайлым Пірімжарқызы

1988 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында туған. 2010 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін халықаралық қатынастар факультеті «Аймақтану» мамандығы бойынша үздік тәмамдаған. 2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін магистратура бағдарламасы бойынша тәмамдап, әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ында 2014 жылдан бастап менеджер, бас менеджер қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының басшысы.