ҚҰСМАНОВ ӘДІЛ МИРАТҰЛЫ

Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: Оксфорд университеті
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2017-2018 жж.)
Мамандығы: Математика
 

Құсманов Әділ Миратұлы Оксфорд университетінің математика институтын тәмамамдаған алғашқы түлек. Назарбаев Университетінде өткен «Жыл студенті – 2016» атағының иегері. Сонымен қатар, Әділ Құсманов «NU Alumni» ҮЕҰ (Назарбаев Университеті Түлектер Қауымдастығы) құрылтайшыларының бірі және басқарма төрағасы болып табылады.

А. Құсманов ұлттық прогресс индексі әдістемесін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін әзірлеушілердің бірі. Математика, экономика және стратегиялық жоспарлау саласында аналитикалық және ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.  Сондай-ақ, Әділ Миратұлы  салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша ҚР-ның зейнетақы жүйесін реформалаудың негізгі әзірлеушілерінің бірі. Бұл модельді ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің басшылығы қолдап, 2021 жылдан бастап бұл механизмді Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне енгізу жоспарланып отыр.

Кәсіби қызметімен қатар, А. Құсманов КАЗМҚУ оқу орында «Экономикадағы математика» пәнін оқытады, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының «Ел үміті» бағдарламасына және ҚР Үкіметінің «Білім» бағыты бойынша өзгерістер менеджментіне қарасты сала менеджерлерін даярлауға қатысуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және бақылау орталығында кеңесші болып жұмыс істейді.