ӘБДИЕВ ЕРЖАН ШҰБАЙҰЛЫ

Оқу елі: АҚШ
Жоғары оқу орны: Дьюк университеті
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2018-2019 жж.)
Мамандығы: Құқық
 

Әбдиев Ержан Шубайұлы Дьюк университетінде оқу барысында корпоративтік және салық құқығын, қаржылық транзакцияларды реттеу мен құрылымдау, корпоративтік қаржының бағалы қағаздарға ойысуын және қор нарығын реттеуге қатысты дәрістер алды. Оның ғылыми жұмысы АҚШ және Еуропалық Одақ елдерінде крипто валютаны салықтық реттеуге бағытталды.

2019 жылы Е. Әбдиев АХҚО-да Индонезиялық банк ашуға, банк қызметін көрсету үшін 5 лицензия алуға көмектесіп, ұйым үшін 10-нан астам саяси және корпоративтік құрылым құруға өз үлесін қосты. Сол жылы Е. Әбдиев Freedom Finance Global PLC-мен ынтымақтаса отырып 11 саясат құрды және ұйым үшін мықты корпоративтік құрылым құруға ықпал етті. Мұндай құрылым кейіннен холдинг компанияларына да енгізілді. Қазіргі таңда Е. Әбдиев Freedom Finance Global PLC жария компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі және комплаенс комитетінің төрағасы.

Е. Әбдиев 2020 жылдан бастап Қазақстандық миноритарлық акционерлер қауымдастығының басқару кеңесінің мүшесі ретінде Халық банкі және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі сияқты реттеушілерге акцияны миноритарлық ұстаушылардың құқықтарына қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына (Акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заң) түзетулер енгізуге көмектесті.

Қазіргі таңда Е. Әбдиев Digital Bravo Limited және Partner Finance Limited үшін брокерлік және инвестициялық лицензиялар алу бойынша көмектесуде. Осы компанияларда Е. Әбдиев көмегімен АХҚО талаптарына сәйкес келетін корпоративтік саясат, сондай-ақ Compliance Manual, Risk Procedure Policy, Compliance monitoring program, client classification policy, outsourcing policy remuneration policy, Risk Management policy, employee code of conduct, AML procedures секілді саясаттар құрылуда.

Сонымен қатар, қазір Е. Әбдиев ABDI AGRO ЖШС басшысы  болып табылады және Алматы облысында инвестициялық жоба бойынша жұмыс істеп жатыр. Жоба Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Алматының азық-түлік белдеуін дамытуға жәрдемдесу бағыты бойынша өңірдің стратегиялық мүдделеріне сәйкес келетін ауылшаруашылық сипаттағы, атап айтсақ, ірі қара малды көп мөлшерде ұстау үшін база құруға бағытталған.