Әбілдаева Әсел

1985 жылы туған. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша оқуды тәмәмдаған. Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің «Білім саласындағы көшбасшылық» мамандығы бойынша магистратураны аяқтаған. 2010-2016 жж. аралығында Атырау қаласындағы СУИС РК (жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын ірі мұнай және газ компанияларының серіктесі) бизнесті дамыту менеджері, бас директордың орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. 2016 ж. – қазіргі таңда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы. Өмірлік ұстанымы: Өмір бойы үздіксіз білім және дағдылар үйрену.