ӘЖІҒҰЛОВА ХАЛИДА ҚАНАТБЕКҚЫЗЫ

Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: Оксфорд университеті
Оқу бағдарламасы:  Магистратура (2007-2008 жж.)
Мамандығы:  Халықаралық коммерциялық құқық
Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: Лестер университеті
Оқу бағдарламасы:  Докторантура (2015-2019 жж.)
Мамандығы:  Құқық
 

Халида Канатбекқызы Әжіғұлова – ғалым заңгер-әлеуметтанушы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Лестер университетінің заң ғылымдарының докторы (PhD), Ұлыбританияның Оксфорд университетінің заң магистрі, қауымдасқан Еуразия технологиялық университетінің құқық профессоры, Ұлыбританиядағы қазақстандық PhD ғалымдар қауымдастығының құқықтық мәселелер бойынша директоры, Британ-Қазақ қоғамының Ғылым комитетінің тең төрағасы, «Болашақ мектебі» мектепте білім беруді реформалау қоғамдық жобасының модераторы.

Бұнымен қатар, Х. Әжіғұлова «Street Law Kazakhstan» балаларды зорлық-зомбылықтан және кибербуллингтен қорғау жөніндегі білім беру жобасының үйлестірушісі. Кибербулингтың негізгі түрлері: хабарламадағы қорқыту мен қорлау, чаттардан шығару, топтық қудалау, әлеуметтік желілерде біреудің жеке бас ақпаратын заңсыз пайдалану, электронды поштаны бұзу және жеке парақшалардан хаттар мен хабарламалар жіберу, жеке фотосуреттер, мәліметтер мен хаттарды тарату. Осы жобаның аясында балалардың Интернеттегі мінез-құлықтың негізгі мәселелері, соның ішінде әлеуметтік желілер мен желілік ойындар да талқыланады. Сонымен қатар, балалар мен білім беру ұйымдарының өкілдеріне кибербуллингтың алдын алу бойынша маңызды ұсыныстар жасалады.

Қазіргі уақытта Х. Әжіғұлова Еуразия технологиялық университетінің Адам құқықтары, инклюзия және азаматтық қоғам саласындағы зерттеулер орталығының директоры болып жұмыс істейді.