ЕРМУХАМБЕТОВА АСИЯ АМЕРКАНОВНА

Оқу елі: Ұлыбритания
Жоғары оқу орны: University College London
Оқыту бағдарламасы: Магистратура (2009-2010 жж.)
Мамандығы: Мұнай-газ ісі. Мұнай химиясы және мұнай-химиялық синтез. Мұнай және газ кен орындарын игеру
 

Асия Амеркановна Ермухамбетованың ғылыми зерттеу саласы энергияны сақтау жүйесі, энергетикалық материалдар, электр химиясы, электр химиялық құрылғылар, микроқұрылым, микроқұрылымды сандық талдау және инженерлік білімді қамтиды.
А. Ермухамбетова ғылыми-зерттеу жұмысын жалғастыра отырып, University College London (Ұлыбритания) оқу орнында химиялық инженерия PhD докторы дәрежесін иеленді. University College London жанындағы электр химиясы зертханасында ол ауқымды микроскопия мен томографияны in-situ режимінде литий-күкірт электродының микроқұрылымын зерттеу үшін алғаш рет қолданды.
А. Ермухамбетова 2015 жылы «Thomson Reuters» (ҚР Ұлттық ғылыми және техникалық ақпарат орталығы) «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының, Sakura ғылыммен алмасу бағдарламасының (ғылым саласындағы Жапония және Азия жастарының алмасу бағдарламасы), Назарбаев Университетінің қызметкерлеріне арналған «Талап» стипендиясының, мұнай-газ саласындағы үздік шығармашылық және ғылыми жұмысы үшін «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының стипендиясының иегері атанды. Сонымен қатар, А. Ермұхамбетова Американдық инженер-химиктер қоғамының, Электрохимиялық қоғамның (ЕО), Жоғары білім академиясының (Ұлыбритания) мүшесі.
Қазіргі таңда А. Ермухамбетова Жас ғалымдар альянсы – «YoungResearchers Alliance» альянсын басқарады және Назарбаев Университетінің Инженерия мектебінің постдокторанты.