Ғафу Гүлжанат Ғафуқызы

1983 жылы Шығыс Қазақстан облысында туылған. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша тамамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Оқу шеңберінде гуманитарлық ғылымдарының магистрі (University of  Warwick, 2007) және PhD (Doctor of  Philosophy, University College London, 2019) дәрежесін алған.

2006-2008 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, Ұлттық аккредиттеу орталығында бөлім бастығы қызметін атқарған. 2008-2010 жж. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Құрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру бөлімінің бастығы, 2015-2016 жылдары «Назарбаев зиятккерлік мектептері» ДББҰ аға менеджер болып қызмет атқарды.

2019 жылдан бүгінгі таңға дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жұмыс істеуде.