Алғы сөз

Сәлеметсіздер ме!

 

Сіздерді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қоғам) ресми сайтындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінде көргеніме қуаныштымын.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамындағы Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы қолданып отырған міндетті реттеуші талаптардың және халықаралық тәжірибенің, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтауды қамтамасыз ету, барлық қызметкерлер арасында шынайылықты, адалдықты қамтамасыз ететін және үздік халықаралық стандарттарға, ішкі саясаттарға және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қоғамның қызметін  жүргізу үшін жағдай туғызатын Қоғамның ішкі корпоративтік мәдениетін қалыптастыру мақсатындағы бастамалар, іс-қимылдар шеңберінде құрылған.

 

Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей міндеті Қоғам мен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, сонымен қатар, Қоғамның корпоративтік нормаларын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы президентінің 2021 жылғы 2 наурыздағы бұйрығымен мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының Комплаенс-офицері – Әдеп жөніндегі уәкілі болып тағайындалдым.

 

Бәріне мәлім болғандай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қаулысына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат жеткізген азаматтарды, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленген соманы (30-дан 100 АЕК-ке дейін), материалдық ынталандыру белгіленген. Мұның барлығы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтауда белсенділік таныту мақсатында жасалуда.

 

«Болашақ» халықаралық бағдарламасының үміткерлерінен, стипендиаттарынан, түлектерінен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының қызметкерлерінен, сондай-ақ, жай ғана немқұрайлы емес азаматтардан кез-келген сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болған жағдайда жедел шаралар қабылдап, кері байланыс арналарына хабарлауды сұраймын. Сонымен қатар, менің жеке арналарыма тікелей хабарласуыңызға болады:

 

Телефон: +7 (7172) 24 93 99

 

Email: kapysheva@bolashak.gov.kz

 

Мекенжай: 010010, Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/13, С2 -1 блогы, 2 қабат, 2.18 каб. 

 

Өз тарапымнан толық құпиялылық пен жасырындыққа кепілдік беремін.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 15.00-ден 17.30-ға дейін алдын-ала жазу жүргізу арқылы қабылдауды жүзеге асырамын.

 

Құрметпен,

Қапышева Алтын-Ай

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының

Комплаенс-офицері – Әдеп жөніндегі уәкілі