Аванс және өтеу

Қажет болған жағдайда Қоғам стипендиаттарға мына шығыстарды төлеуге аванс төлейді:

 

1. Медициналық сақтандыру (стипендиат шетелде болған жағдайда ғана)

2. Тұру және/немесе тамақтану

3. Оқу (в том числе депозит на обучение) және оқу орнының талаптары бойынша міндетті қызметтер

4. Авиабилеттер (аванс төлеу кезінде авиаагенттікпен тиісті шарт болмаған жағдайда ғана).

5. Виза ресімдеу және ұзарту (стипендиат шетелде болған жағдайда ғана)

 

Аванс алу үшін стипендиат аванс алуға өтінішті сілтеме толтырып, шығыстар құнын көрсете отырып, аванс қажеттігін растайтын құжат көшірмесін (мысалы: жылжымайтын мүлік жалдау туралы шарт көшірмесін) қосымша беру қажет. Бұл құжат болмаған жағдайда, аванс берілмейді.

 

Тұру және тамақтанудан басқа жоғарыда көрсетілген шығыстар түрлері бойынша аванс алғаннан кейін екі ай ішінде стипендиаттар авансты мақсатты қолданғанын растаулары қажет. Растау үшін тізбеге сәйкес төлемді растайтын құжаттар ұсыну қажет. Тиісті құжаттар ұсынылмаған жағдайда, аванс сомасы «Болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты соңғы төлемнен ұсталатын болады.

 

Тұру және тамақтану аванстары бойынша стипендиаттарға авансты мақсатты пайдалануды растау қажеттілігі жоқ. Тұру және тамақтануға аванс сомасы «Болашақ» халықаралық стипендиясына байланысты төлемдерден ұсталады.

 

Ақыны өтеуді ресімдеу

 

Стипендиаттар құжаттардың толық пакетін ұсыну кезінде келесі шығыстарды өтей алады. Сілтеме.

1. Оқу (оның ішінде оқуға депозит)

2. Виза (визаны ресімдеу, консулдық жиын, sevis, визаны ұзарту)

3. Тіркеу (қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында, ЖОО-да тіркелу)

4 . Сауалнама (сауалнама нысандарының барлық түрлерін ресімдеу және беру)

5. Медициналық сақтандыру

6. Медициналық зерттеу

7. ҚР-дағы жол жүру (т/ж көлігі, автобус)*

8. ҚР тыс жол жүру (т/ж көлігі, автобус, авиабилеттер)*

9. Түсу емтихандары (TOEFL, GRE, GMAT және т.б.)

10. Оқу орындарына үлгерім туралы ресми құжаттарды ұсыну (транскрипт)

11. Стипендиаттың банктік карточкасын шығару, әрекет ету мерзімінің аяқталуы бойынша оны қайта шығару және оған қызмет көрсетуді

 

Ескерту:

 

*Жоғарыда көрсетілген тізімге енгізілмеген пошта қызметтері және басқа да шығымдар өтелмейді.

 

Жол жүру бойынша шығыстар «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалғаннан кейін Қазақстан Республикасында тұратын жерінен академиялық оқу, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту орнына академиялық оқу немесе тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан, тағылымдамадан өту басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта тілдік курстар, магистратура алдындағы дайындық, академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей шыққан кезде жүргізімді. Академиялық оқу 1 (бір) оқу жылынан ұзақ болған жағдайда, жол жүру бойынша шығыстар Қазақстан Республикасында тұратын жерінен оқитын жеріне оқудың әрбір оқу жылы басталуына дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес және кері бағытта оқудың әрбір оқу жылы аяқталған соң күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірілмей, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында визаны ресімдеу не ұзарту қажет болған жағдайда, академиялық оқу, тағылымдамадан, тілдік курстардан, магистратура алдындағы дайындықтан өту орнынан және кері бағытта шыққан кезде жүргізімді.

 

Шығыстарды төлеу растаушы құжаттардың негізінде нақты шығыстар бойынша жүк тасымалдау ақысын төлеусіз, жүргізіледі:

 

1) Қазақстан Республикасының ішінде жол жүру бойынша – тікелей қатынайтын әуе және (Қазақстан Республикасына келген сәттен тұру жеріне дейін/тұру жерінен Қазақстан Республикасынан шығу сәтіне дейін күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет) купе вагоны (жүрдек поездардың жұмсақ дивандары төмен орналасқан, қалпын реттейтін құрылғысымен бірге жұмсақ креслолары бар (СВ), сондай-ақ «Турист» және «Бизнес» класындағы екіорындық купелі вагондарды қоспағанда) тарифінен жоғары емес теміржол көлігін пайдалану үшін сол аймақта қолданыстағы жол жүру құнымен тас жол және қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін;

 

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерге жол жүру бойынша – үнемділік класы бойынша тікелей қатынайтын әуе көлігін пайдалану үшін (жол жүру уақыты күнтізбелік 5 (бес) күннен аспауы қажет), теміржол көлігін пайдалану үшін, сол аймақта қолданыстағы жол жүру құны бойынша тас жол мен қара жол бойынша автокөлікті (таксиді қоспағанда) пайдалану үшін.

 

**Бұл ретте Қазақстан Республикасы шегінен тыс жол жүру кезінде әуе көлігін пайдалану бойынша шығыстарды төлеу стипендиат өтініші бойынша «Болашақ» бағдарламасы әкімшісі билетті брондап қойған сәттегі жол ақысының ең аз құны шеңберінде жүргізімді.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 7 қазандағы № 413 бұйрығына сәйкес қоғам Жұмсау бағыттарында қарастырылған, Стипендиаттың өз қаражаты есебінен жасалған шығыстарды өтеуді Стипендиаттың академиялық оқу немесе тағылымдамадан өту аяқталған күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей жүзеге асырады.