БАНГЛАДЕШТЕ ОҚУҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ ГРАНТТАРЫ

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі 2020-2021 оқу жылына арналған білім алмасу бағдарламасы аясында Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдерден келген шетелдік студенттерге Бангладештің мемлекеттік және жеке медициналық/стоматологиялық колледждерінде медицина және стоматологиялық хирургия бакалавриатына гранттар бөлгенін хабарлайды.

 

Үміткерлер 2021 жылдың 22 қаңтарына дейін мемлекеттік медициналық/стоматологиялық колледжге, сондай-ақ 2021 жылдың 23 қаңтарына дейін жеке медициналық/стоматологиялық колледжге 3 данада сауалнама толтырып, өз бетінше Эр-Риядтағы Бангладеш Елшілігіне жолдауы керектігін ескертеміз.

 

Ұсынылатын стипендиялардың саны, академиялық біліктілік және оқуға түсу талаптары туралы толық ақпарат.