«Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан
Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 1993 жылғы 5
қарашадағы Қаулысымен құрылған.
Бағдарламаның
мақсаты – ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау.
Бағдарлама академиялық оқуды (магистратура, докторантура) және әлемнің жетекші
компаниялары мен университеттерінде ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.