«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫНА 100 ӨТІНІМ БЕРІЛДІ

 

9 күн ішінде 2021 жылғы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерден 100 өтінім берілді.

 

Еске сала кетейік, 2021 жылғы 4 мамырда магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға құжаттарды қабылдау басталды.

 

Құжаттарды қабылдау eGov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады. Стипендия үш кезеңде – маусым, тамыз және қараша айларында тағайындалады.

 

Биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу үшін 1055 стипендия бөлінді. Олардың ішінен 555 стипендия магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша, ал 500 стипендия тағылымдамалардың жаңа «Ғалымдар» санаты бойынша бөлінді. Бұл санатты Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында жыл сайын 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз ету мақсатында бекітті.