- #41240 (тақырып жоқ)
- #39535 (тақырып жоқ)
- #23172 (тақырып жоқ)
- #41357 (тақырып жоқ)
- Ұлыбритания және Құрлықтық Еуропа елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының менеджері
- «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды ұйымдастыру шарты үшін деректемелер
- «Болашақ» стипендиясынан айырылған немесе бас тартқан тұлғалар үшін деректемелер
- «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалуына үміткерлер үшін шет тілін білуінің қажетті ең төменгі деңгейі
- «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау туралы
- • Представители за рубежом
- 11111111
- 2021 жылға арналған басым мамандықтар тізбесі
- Bolashaq Digital №2
- Bolashaq kitaphanasy
- Bolashaq журналы
- Booking (test)
- Cыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
- PHD ЖӘНЕ БЕЙІНІ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРА
- phd-докторантура
- test-emoji
- test-feedback
- Аванс және өтеу
- Азия, Океания және ТМД елдері
- Ай сайынғы стипендия
- Академиялық оқу
- АКАДЕМИЯЛЫҚ ОҚУ
- Академиялық оқу
- Академиялық оқу
- АҚШ СТИПЕНДИАТТАРЫ ҮШІН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
- АҚШ, Канада
- Алғы сөз
- Бағдарлама жайында
- Бағдарлама тарихы
- Бағыттар бойынша түлектердің сауалнамасы
- Байланыс
- Байланыс телефоны
- Банк карталары
- Бару картасы
- Басты бет
- Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі
- Басшылардың азаматтарды қабылдау кестесі
- Біздің жетістіктер
- БІРІНШІ БАСШЫНЫҢ БЛОГЫ
- Бланк пен өтініштер үлгісі
- Бос орындар
- ВИЗА РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ АВИАБИЛЕТ
- Виза рәсімдеу және авиабилет
- Главная
- Докторантура
- Еңбекпен өтеу мониторингіне түсініктеме
- Еуропа елдері
- Жетістік тарихы
- Жетістік тарихы
- Журнал
- Жұмыс берушіге
- Жұртшылықпен байланыс басқармасының бас менеджері
- Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы
- Зерттеу және стратегиялық даму басқармасының басшысы
- Зерттеулер және стратегиялық даму басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)
- Ізденушілердің профильдері
- КАНАДА СТИПЕНДИАТТАРЫ ҮШІН КОНСУЛДЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ
- Канада стипендиаттары үшін консулдық есепке алу бойынша нұсқаулық
- Келісім-шарттар
- Келісім-шарттар
- Кері байланыс
- Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл
- Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл
- Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының басшысы
- Конкурстық рәсімдерді ұйымдастыру басқармасының менеджері
- Қағидалар
- Қажет етілетін құжаттар
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ 2013 ЖЫЛҒЫ 7 ҚАЗАНДАҒЫ № 413 «БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТИПЕНДИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША КЕЙБІР ШАРАЛАР ТУРАЛЫ БҰЙРЫҒЫ
- Қалай жұмыс беруші болуға болады
- Қаржыландыру туралы
- Қаржылық есептілік
- Қатысу талаптары
- ҚОСЫМША КЕЛІСІМ-ШАРТ ЖАСАУ РӘСІМІ
- Құжат үлгілері
- Магистратура
- Магистратура
- Мәндес мамандықтар тізбесі
- мемлекетаралық гранттар
- Мемлекеттік қызметтер
- Мониторинг және есеп
- МҮЛІК КЕПІЛІН АУЫСТЫРУ РӘСІМІ
- Мүлік кепілін ауыстыру рәсімі
- Нұсқаулықтар
- Оқу ақысы
- Оқу бағдарламасы
- Орталық құрылымы
- Орталық құрылымы
- Өтініштер рәсімі
- Представители за рубежом
- РЕЗИДЕНТУРА
- Солтүстік Америка, ТМД, Азия және Океания елдеріндегі оқуды ұйымдастыру басқармасының менеджері
- Степендиатқа
- Стипендия иегерлері
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы актілер және қоғамның меморандумдары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
- СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Тағылымдама
- Тағылымдама
- ТАҒЫЛЫМДАМА
- Тағылымдамалар
- Тағылымдамалар
- Тағылымдамалар АҚШ, Канада
- Талаптары
- Тізбелер
- Топ-Менеджмент
- Трудоустройство
- Түлекке
- Түлектермен жұмыс жүргізу басқармасының бас менеджері
- Үміткерге
- Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі
- Шарт жасау және наразылық-талап қою жұмысы басқармасының басшысы
- Шарттық және наразылық-талап қою жұмысы басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)
- Шетелдік өкілдіктермен байланыс
- Шығыстарды растайтын құжаттар тізімі
- Біздің түлектер
- Директорлар кеңесі
- Біздің команда
- Обладатели стипендии от 27 августа 2013 года
«БОЛАШАҚ» СТУДЕНТТЕРІ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАЙДЫ
Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет атанғанына 29 жыл толды. Тәуелсіздіктің ең басты жетістіктерінің бірі – жастарды әлемнің үздік университеттерінде оқытатын «Болашақ» стипендиясы. Осылайша Қазақстан өз болашағын білімді жастармен байланыстыратынын көрсетті.
Тәуелсіздік күніне орай ҚазАқпарат тілшісі «Болашақ» студенттерінен бүгінгі ұлық мейрамды қалай тойлайтынын сұраған еді.
Рамиз Зұлхарнай, Ұлыбритания, Бристоль университетiнiң Химия мамандығы бойынша 3-курс докторанты: Мен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Жарлы деген ауылдан шыққанмын. Жарлы ауылында 11-сыныпты аяқтап, Еуразия ұлттық университетінде бакалавр және магистратура дәрежелерін алдым. Назарбаев университетінде жұмыс істедім.Ал қазір Ұлыбританияның Бристоль қаласында тұрамын және аттас Бристоль университеттің докторантурасында 3-курс оқып жатырмын. Қазіргі сабақтарымыз гибридтік жүйеде – жартылай онлайн, жартылай оффлайн өтіп жатыр. Локдаун кезінде үйден жұмыс істедік. Менің оқуым 3-курс болғандықтан, міндетті модуль курстарым аяқталып, зертханада өз тақырыбым бойынша ғылыми зерттеумен айналысып жатырмын.
Әрине, шетелде жүргенде патриоттық сезім ерекше болады. Қазақстанда өзімді патриотпын деп санамайтынмын. Мұнда бар қазақты бауырыңа басқың келіп тұрады. Көк туымыздың желбіреп тұрғаны – біз үшін үлкен мақтаныш. Биыл Бристольдағы үшінші қазақтар легін көріп жатырмын. Мұнда шамамен 40 шақты қазақ болдық. Бірақ, былтыр азайып, 20-30 адам қалды деп ойлаймын. Одан бөлек, 3-4 қазақ отбасы – Бристоль қаласының тұрғындары. Өзіміздің қауымдастығымыз бар. Тұрақты жиналатын мерекелеріміз – туған күн, кездесулер, 8 наурыз, 7 мамыр, 22 наурыз және Тәуелсіздік күні. Әсіресе Наурыз мейрамында шетелдіктерге ұлттық дәстүрімізді көрсетіп, күй тартып, ұлттық тағамдар әзірленеді. Былтырғы 16 желтоқсанды да жақсы тойладық. Өзіміз жиналып, торт пісіріп, Қазақстаннан қонақтар келіп, батасын алғанбыз.
Биылғы Тәуелсіздік күнінде де жерлестермен кездесу ұйымдастыруды жоспарлаған едік. Жалпы Ұлыбританиядағы локдаун 2 желтоқсанда толық аяқталды. Қазақстанда қауіп деңгейі сары, жасыл, қызыл деп бөлінсе, мұнда Т1, Т2, Т3 деңгейлері бар. Бристоль қаласында, Англияның оңтүстік-батыс аймағында жыл бойы вирус жұқтыру саны өте төмен болды. Тек соңғы аптада студенттер келгендіктен, қауіп Т3 деңгейіне көтеріліп, көптеген орындар жабылды. Дегемен Рождество мерекесіне орай, орталықтағы сауда нүктелері біртіндеп ашылып жатыр.
Тәуелсіздік күні мен Наурызда келіншегіміз екеумізде кішігірім дәстүр қалыптасқан. Біз 16 желтоқсан мен 22 наурызда әріптестерімізге, зертханадағы ғалымдарға «Қазақстан» шоколадын таратамыз. Оларға біздің шоколад қатты ұнайды. Көк аспанда қалықтаған қыраны бар Туымызды да жақсы көреді. Осы орайда, Президентіміздің Мемлекеттік рәміздер туралы заңға өзгеріс енгізгеніне, әр үйде туді ілуге рұқсат берілгеніне қуандым. Әрине, «Борат-2» фильмінің акциялары бізге жағымсыз әсер қалдырды. Англиядағы қазақтар «Борат-2» фильмі Ұлыбританияда көрсетілмесін деген онлайн петиция жасадық. Соңғы көргенімде петицияда 500-ден астам дауыс жиналды. Оған Қазақстанда отырып дауыс беру мүмкін болмады, өйткені петиция тек Англияның IP-адрестеріне арналған екен. Дегенмен, ағылшындарға біздің Ту ұнайды. Тіпті менің жанымдағы ағылшын әріптесімның жұмыс үстелінде көк ту тұрады.
Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі де өте жақсы шаралар ұйымдастырады. Мысалы, 2019 жылы Ұлыбританияның теннистен федерация Кубогына Қазақстан құрамасы келді. Сонда Елшілік қазақстандық студенттерге тегін билет таратып, Зарина Диас бастаған қыздарға жанкүйер болдық. Былтыр Қазақстанның Англиядағы киноапталығы өтті. Лондонның орталық кинотеатрында бір апта бойы қазақ филмьдері көрсетілді және қазақстандық студенттер де шақырылды. Дулыға Ақмолда басты рөлді сомдайтын «Оралман» киносын тамашаладық. Ондағы мақсат – кино көрсету ғана емес еді, ағылшындарға киноның идеясы, тарихи оқиғалар баяндалды. Кино біткен соң да ағылшын профессор мен біздің елшілік және кино режиссері көрермендермен пікірталас өткізді.
Сонымен бірге, Елшілік Ұлыбританияда магистратура мен докторантураны бітіретін қазақстандық студенттерге жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Яғни, мұнда «Болашақтан» та бөлек бағдарламалармен оқитын қазақтар бар. ҚазМұнайГаз, ҚазАтомПром, Самұрық-Қазына сынды үлкен компаниялардың өкілдері келіп, студенттермен сұхбаттасады. Елшілікте соңғы өткен шара – Елші Ерлан Ыдырысовтың жыл сайынғы студенттермен кездесуі болды. Биылғы кездесу ZOOM арқылы онлайн өтті, 2,5 сағат бойы Елші мырза қандай жұмыс атқарылғанын, қандай жоспарлар бар екенін, келесі Наурызды жақсы тойлауға үмітті екенін айтты. Студенттерге қандай жаңа ережелер қойылатынын түсіндірді. Яғни, Елшілікпен байланысымыз өте жақсы.
Тәуелсіздік – мен үшін, еліміздің ер-азаматтары үшін ұлы мейрам, ұлық күн. Қадірлі, қасиетті елімізге тыныштық, халқымызға амандық тілегім келеді. Бастысы қазақ екенімізді, азат екенімізді, қайсар екенімізді ұмытпайық! Бұл күні Тәуелсіздікке қол жеткізген Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сынды аға-апаларымыздың әруақтары бір аунап тұрады деп ойлаймын. Қазақстан Тәуелсіздігіне келесі жылы отыз жыл толады. Өзім де тәуелсіздік құрдасымын. Соған байланысты Ұлыбританияда өз әріптестеріме Қазақстан туралы семинар өткізсем деген жоспарларым бар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Бақыт Төлегенов, Ұлыбританияның Глазго университеті, Адам Смит бизнес-мектебінің 1-курс докторанты: Мен «Болашақ» бағдарламасы арқылы Engineering Business Managment мамандығында докторантурада оқып жатырмын. Біздің қалада отыздан астам «Болашақ» студенті бар. Бірақ, қазіргі вирусқа байланысты көптеген студенттер қашықтан оқып жатыр. Сондықтан нақты санын айтуда қателесуім мүмкін. Қазіргі уақытта COVID-19 кері ықпалына қарамастан, оқу үрдісі жалғасуда. Кітапханамыз бен маңызды зертхана бөлмелері ашық тұр. Біздің кітапханада миллионнан астам кітап қоры бар, тиісінше кітапхана білім алуымызға көп көмегін тигізеді. Қаламыздағы локдаун наурыздан тамыз айына дейін жалғасты. Қазір вирус жұқтыру деңгейі біртіндеп үшінші деңгейге дейін төмендеді, яғни тамақ ішетін орындар мен спорт, фитнес орталықтары ашылды.
Мүмкіндік болса, жерлестермен жиі кездесуге тырысамыз, еліміздегі бауырмалдықты осында да көрсетуге тырысамыз. Еліміздің төл мерекелері – Наурыз, 8 наурыз, Отан қорғаушылар күнінде дәстүрлі жиналып тұратынбыз. Бұл күндері аудиторияны рұқсатқа алып, кішігірім дастархан жасаймыз, домбырамен ән айтылып, күй шертіледі. Тәуелсіздік күніне келсек, Эдинбург пен Глазго қалаларында үш жыл Тәуелсіздік тойын көрдім. Бір-бірімізді құттықтап, әлеуметтік желіде Қазақстан туралы жақсы бейнероликтерді көрсетуге тырысамыз. Сол арқылы шетелдік достарымыз бен таныстарымызда Қазақстан туралы жақсы пікір қалыптастырғымыз келеді. Біз еліміз берген мүмкіндіктерді жоғары бағалаймыз және осы мүмкіндікті пайдаланып, барынша білім алуға тырысамыз. Тәуелсіздіктің арқасында беріліп жатқан мүмкіндіктерді бос жібермей, еліміздің елеулі өркендеуіне үлес қоссақ дейміз.
Жапы біздің Қазақстан азаматтары, оның ішінде жастар ешкімнен кем емес. Олар үнемі білсем, үйренсем деген ұмтылыста жүреді. Білім жағынан да салыстырмалы түрде біздің көрсеткішіміз жаман емес. Конференция мен ғылыми жобаларға да барынша атсалысып, жан-жақты болуға тырысамыз. Келешекте одан да үлкен жобаларға қатысып, елімізді алдыңғы қатардан көрсеткіміз келеді. Ең бастысы – мақсат қоя білу, мақсатымыз болса еш кедергі болмайды деп ойлаймын. Осы орайда Елбасы мен «Болашақ» бағдарламасына алғыс айтқымыз келеді.
Өз елімізде жүргенде Тәуелсіздігіміздің қадірін сезінбеуіміз мүмкін, бірақ өзге елде жүргенде елді сағынамыз, егемендіктің қадірін түсінеміз. «Өзге елдің сұлтаны болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз бар. Қазір де Ресейдің кейбір депутаттарының көзқарасы, қан мен термен келген, бабаларымыз аманат еткен ұлан-ғайыр жеріміз туралы еш негізсіз сөздері намысты оятады, жігер береді. Білекке емес, білімге сенген заманда қапы қалмаудың, елімізді алдыңғы қатардан көрсетудің маңызды екенін көрсетті. Оқыған, білімді халықты бөтен мемлекет басқара алмайды. Сол үшін Тәуелсіздікті қадірлеп, ел мүддесіне жұмыс істеп, білім мен ғылымға атсалысу қажет деп ойлаймын.
Қазыбек Нұрым, АҚШ-тың Техас штаты TEXAS A&M университеті Атомдық қауіпсіздік мамандығының 2-курс магистранты: Біз тұратын Колледж-Стейшен қаласында былтыр көктемде локдаун болды, одан кейін жабылған емес. Тұрғындар арақашықтық сақтау, маска киу ережелерін қатаң сақтайды. Алайда, студенттер мен жастар көп болғаннан ба екен, вирус жұқтырып жүргендер де аз емес. АҚШ-тағы болашақтықтар арасында басқа мейрамдарға қарағанда Тәуелсіздік күні ерекше тойланады. Пандемияға дейін Лос-Анджелес қаласында, жүзге жуық студенттер, жергілікті жастар, ата-аналар және бүлдіршіндер жиналып тойлаған едік. Барлық жерге көк Туымызды іліп, күй шертіп, ән айтып, түрлі ойындар ойнадық. Әрқайсысы үйден пісіріп әкелген тағамдарын ортаға қойып, жақсы отырыстар жасайтынбыз. Көптеген студенттер өзінің жұмыс-сабағына қарамастан, уақыт тауып келуге тырысатын.
Қазіргі эпидемиялық жағдайға байланысты көпшіліктің бас қосуына рұқсат жоқ. Алайда аз ғана қазақтар және шетелдік достарымызбен апта соңында жиналуды жоспарлап отырмыз. Былтырғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік мейрамына орай америкалық досыма түскі ас алып беріп, еліміздің тарихы, мәдениеті, табиғаты туралы әңгімелеп, қуанышыммен бөліскен едім. Осы жазда бірнеше шетелдік досымды Қазақстанға алып келіп, атамның жайлауын, Алматы мен Нұр-Сұлтанның көріктігін, Алтай мен Маңғыстауды көреміз деп ұйғардық. Алайда COVID-19 біздің барлық жоспарымызды бұзды.
Пандемия басталған сәттен бері негізгі сабақтарымыз онлайн болды, тек бір зертханалық сабағымыз кампуста өтті. Оқытушылар мен студенттердің онлайн жүйеге ауысуы аса қиынға соққан жоқ, себебі вирус басталмай жатып та, бірнеше студент сабаққа онлайн қатысу форматын таңдайтын. Келесі семестрде бір зертханалық сабағым бар, одан басқа сабақтардың барлығы онлайн өтеді.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, «Болашақ» бағдарламасын құрған Нұрсұлтан Назарбаевқа, Президентімізге және сенім артып жіберген халқымызға алғыс айтқым келеді. Тәуелсіздіктің арқасында, біз қазақ жастары, әлемнің мықты студенттерімен, болашақ көшбасшыларымен тең дәрежеде білім алып жатырмыз. «Болашақ» бағдарламасын Тәуелсіздігіміздің бір нышаны деп есептеймін. Себебі, әлемнің ең үздік университеттерінде емін-еркін білім алу, оны ел қамына жұмсау – тек тәуелсіз мемлекеттердің еншісінде деп ойлаймын.
Арайлым Шералы, АҚШ-тың Мэдисон штаты Висконсин университеті Журналистика және бұқаралық коммуникация мамандығының 2-курс магистранты: Мен оқитын қалада былтыр «Болашақтың» үш студенті оқыған еді. Олар оқуын бітіріп елге қайтты, әзірге мен қалдым. Дегенмен, басқа бағдарламамен оқуға түскен қазақстандық студенттер, докторанттар бар. Қалада шағын қауымдастығымыз бар. Мереке құрметіне, әсіресе Тәуелсіздік күнінде жиналып тұрамыз. Немесе жай демалыста да кездесіп, ұлттық әндерімізді айтамыз, домбыра шертеміз. Ұлттық тағамдарымызды жасаймыз. Былтыр Наурызды тойламақ болдық, бірақ пандемия басталып кетіп, үйде отырдық. Бұған дейін Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында тілдік курс оқыдым. Калифорния, Нью-Йорк штаттарында қазақ студенттер өте көп. Бірнеше жыл бұрын Калифорниядағы Сан-Франциско қаласында Наурыз мейрамы өте үлкен деңгейде тойланған болатын. Ал қазір Мэдисонда қазақ студенттері аз болғандықтан және сақтық шараларын ұстану үшін бас қоса алмайтын жағдайдамыз.
Әрине, биылғы COVID-19 барлық салаға және өмір салтымызға әсер етіп жатыр. Оның ықпалын биылғы оқудың онлайн режимге ауысуынан байқаймыз. Университетке барғанда өзге шетелдік студенттермен танысып, Қазақстан жайлы айтуға көп мүмкіндік болатын. Ал онлайн сабақта етене араласу қиын. Бірақ оқу барысында, эссе бойынша әр тапсырмада халқымыздың ұлттық ерекшеліктері мен мәдениетінен мысал келтіруге тырысамын. Соңғы сәтте мен америкалық профессорым Шон Бишот Айша бибі аңызы туралы жазған тапсырмама қызығушылық танытып, таң қалды. Яғни, біздің мәдениетіміз бен дәстүріміз өзге халықтарға өте қызық, тамсанарлық дүние.
Өзім оқып жатқан Висконсин университеті туралы бір қызықты ақпарат – мұнда қазақ тілін оқытатын тілдік курс бар. Ол курс – университеттің бағдарламаларының бірі, онда қазақ тілінен сабақ беретін Гүлнар апай бар. Ол кісінің студенттері аз емес, оның ішінде тілімізге қызығушылық танытатын америкалық студенттер көп.
Биыл мен оқитын үш курстың ішінде Видеожурналистика курсы болды. Сонда журналистің қандай жағдай болса да, міндетті түрде жаңалықты дайындап алып келуін үйретті. Осындай пандемия жағдайында да материал дайындауды, онлайн сұхбат алуды, басқа ресурстардан мәліметті қалай іздеу керегін үйрендік. Сонда менің көзім жеткені – журналист қандай жағдай болса да, материал дайындап, қажетті сарапшыларды таба алуы керек. Яғни, локдаунның өзі бізге жаңа деңгейге шығуға, шеберлігімізді шыңдауға ықпал етті. Тәуелсіздік мерекесі тағы да құтты болсын! Қазақстанның көк туы биікте желбірей берсін! Әлемнің үздік университеттерінде алған білімімізді Отанымыздың қажетіне жаратуды тілеймін!