БҮГІННЕН БАСТАП МАЖАРСТАНДА ОҚУҒА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАНАДЫ

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстанның Адами ресурстар министрлігі арасындағы  2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Мажарстан үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2021–2022 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

 

Осы бағдарлама шеңберінде Мажарстан тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 білім грантын ұсынып отыр:

 

– бакалавриат бағдарламасы бойынша – 110 орын;

– магистратура бағдарламасы бойынша – 90 орын;

– бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша – 30 орын (оқу мерзімі 5-6 жыл).

– докторантура бағдарламасы бойынша – 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

 

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат+магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

 

*Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдуды растайтын құжатты тіркеу қажет.

 

Гранттар мынадай шығындарды өтейді:

 

– тегін оқу;

– бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия – HUF 43.700; докторантура – HUF 140.000 (бірінші 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр);

– жатақханада тұру (немесе айына 110 Еуро шамасында жалдамалы пәтердің ақысы);

– медициналық сақтандыру.

 

Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

 

2003 жылғы 31 тамыздан кейін туылған үміткерлерден өтініш қабылданбайды («Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа).

 

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да 2020 жылғы 20 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 29 қаңтар аралығында құжаттардың толық пакеті мына сайттар арқылы қабылданады:

 

– «Электрондық үкімет» порталы (Egov.kz)

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында кезекті брондау қолма-қол http://bolashak.gov.kz/

 

Қазақстан тарапынан үміткерлерді іріктеу келесі турлардан тұрады:

 

Үміткерлердің Тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелерімен онлайн режимде дербес сұхбаты;

Үміткерлердің материалдарын қарау және Қорытынды комиссияның шешім шығаруы.

 

Үміткерлердің балдары тең болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; бала жасынан мүгедек және мүгедек балаларға; көп балалы отбасынан шыққан балаларға; шетелдік оқу орнынан шақыртуы бар үміткерлерге басымдық беріледі.

 

Аталған гранттар туралы ақпарат https://stipendiumhungaricum.hu/uploads/2020/11/BA_MA_OTM_Call_for_Applications_2021_2022.pdf вебсайтында ораналасқан.

  

2020 жылғы 15 қаңтарға дейін  https://apply.stipendiumhungaricum.hu/ венгр сайтында онлайн-тіркеу жүргізіледі.

 

2020 жылғы 25 ақпаннан бастап мамыр аралығындағы кезеңде түпкілікті іріктеуді қабылдаушы тарап жүргізеді.

 

Төмендегі сілтемеге өтіп, ережелермен мұқият танысуыңызды сұраймыз: http://adilet.zan.kz/rus/docs/V080005499_

 

 

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

 

Қазақстан Республикасы азаматының сауалнамасы