Зерттеулер және стратегиялық даму басқармасының менеджері (уақытша жоқ жұмыскерді алмастыру кезеңіне)

(Осы бос орынға түйіндемелер  2021 жылғы 12 наурызға дейін қабылданады).

 

Үміткердің біліміне қойылатын талаптар: әлеуметтік, гуманитарлық немесе техникалық бағыттағы мамандықтың бірі бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың болғаны жөн.

 

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: Аналитикалық зерттеулер саласындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл. Шетелде оқуын аяқтаған (бакалавриат, магистратура) жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім мен дағдылар:

 

– мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру, шет тілдерін білу;

– ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары;

– заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары;

– аналитикалық ақпаратты құрылымдап, ұсына алу;

– сандық және сапалық зерттеу әдістерін игеру;

– зерттеулер жүргізу мен деректерді өңдеу үшін мамандандырылған бағдарламалармен жұмыс жасау;

– жағдайды сыни бағалау, өзгермелі жағдайларға бейімделу;

– деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей алу;

– топта және дербес жұмыс істей алу;

– ДК және оргтехниканың тәжірибелі пайдаланушысы, жергілікті және жаһандық желілерде жұмыс істеу;

– мемлекеттік және орыс тілінде іс қағаздарын жүргізу;

– Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңдарын, ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін білу.

 

Лауазымдық міндеттері:

 

– Ақпараттық-аналитикалық, статистикалық материалдарды дайындау және Қоғам қызметі бойынша зерттеулер жүргізуге, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруға қатысу;

– Басқарма туралы ережеге сәйкес Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Болашақ» стипендиясын іске асыруға және Қоғам қызметі туралы таныстыру материалдарын дайындау;

– «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін Басым мамандықтар тізбесінің жобасын қалыптастыру;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінің жобасын қалыптастыру;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелде оқу үшін мәндес мамандықтар тізімінің жобасын қалыптастыру;

– «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының/үміткерлердің мамандықтарының/мамандандырылған шетелдік жоғары оқу орындарының Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне сәйкестігіне салыстырмалы талдау жүргізу;

– «Қоғам президентінің блогына» кеп түскен сұрақтарға жауаптар әзірлеу;

– Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың сауалдарына жауаптар әзірлеу.