Зерттеу және стратегиялық даму басқармасының басшысы

Зерттеу және стратегиялық даму басқармасының басшысы

(Осы бос орынға түйіндемелер  2021 жылғы 30 мамырға дейін cv_hr@bolashak.gov.kz электрондық поштасына қабылданады).

 

Білімге қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім. Басқару (менеджмент) саласындағы қосымша білім және біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификаттардың  болғаны жөн.

 

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: кем дегенде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл. Шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда, жұмыс өтіліне қойылатын талаптар кемінде 2 жыл немесе Халықаралық бағдарламалар орталығында (әрі қарай – Қоғам) жұмыс өтілі 2 жылдан аспауы керек. «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуды (магистратура, докторантура) аяқтаған жағдайда жетекші лауазымдағы еңбек өтілін растау қажет емес.

 

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білім: мемлекеттік және орыс тілдері; мүмкіндігінше шет тілін білген жөн; Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық кодексі, Еңбек кодексі, «Білім туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары; ғылым және білім саласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Үкіметінің қаулылары және басқа да нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясына тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережелері; Қоғам Жарғысы; Зерттеу және стратегиялық даму басқармасы ережелері; Қоғамның даму стратегиясы мен болашағын және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық құжаттар; шет елдердегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері.

 

Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті қабілеттілік пен дағдылар: іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу; жергілікті және ғаламдық желілерде жұмыс істеу; ДК мен кеңсе техникасының тәжірибелі пайдаланушысы болу; ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары; кеңес беру дағдылары; көшбасшылық қабілеттер мен шешім қабылдау; заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жүйелеу, есепке алу және құжаттау дағдылары; талдамалық құжаттарды, ақпараттық материалдарды дайындау дағдылары; жағдайды сыни тұрғыдан бағалау, өзгерістерге тез бейімделу; үлкен көлемдегі мәліметтермен жұмыс істеу; ынтымақтастықты дамыту, келіссөздер жүргізе білу; ұжымда және өз бетінше жұмыс істей алу.

 

Қосымша талаптар: кадрларды таңдау, оқыту, бейімдеу, ынталандыру тәжірибесі; стратегиялық жоспарлау тәжірибесі.