«Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау туралы

 

«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы №470 Жарлығымен (ҚР Президентінің 16.07.2020 жылғы №372 жарлығымен енгізілген өзгерістерімен), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 10 тамыздағы №336 бұйрығымен бекітілген Республикалық комиссия туралы ереженің 14) тармағын орындау мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту жөніндегі комиссия құрамы бекітілді.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау және «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті санын анықтау үшін басым мамандықтар тізбесін бекіту жөніндегі комиссияның хаттамалық шешіміне сәйкес төмендегі тәртіп бойынша мамандық бағыттарының бөлінісінде стипендия саны анықталды.

 

1) «магистратура», «резидентура» бағдарламасы бойынша – 395 стипендия, олардың ішінен «Сәулет және құрылыс» – 15, «Гуманитарлық мамандықтар» – 20, «Жаратылыстану ғылымдары» – 20, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» – 40, «Инженерлік-техникалық мамандықтар» – 100, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 40, «Өнер» – 10, «Білім беру» – 40, «Ауыл шаруашылығы және ветеринария» – 25, «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық» – 85.

2) «докторантура» бағдарламасы бойынша – 50 стипендия, олардың ішінен «Сәулет және құрылыс» – 3, «Гуманитарлық мамандықтар» – 7, «Жаратылыстану ғылымдары» – 5, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» – 5, «Инженерлік-техникалық мамандықтар» – 10, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 3, «Өнер» – 2, «Білім беру» – 7, «Ауыл шаруашылығы және ветеринария» – 3, «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық» – 5.

3) «тағылымдама» бағдарламасы бойынша – 110 стипендия, олардың ішінен «Сәулет және құрылыс» – 5, «Гуманитарлық мамандықтар» – 10, «Жаратылыстану ғылымдары» – 10, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету» – 15, «Инженерлік-техникалық мамандықтар» – 10, «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» – 10, «Өнер» – 5, «Білім беру» – 20, «Ауыл шаруашылығы және ветеринария» – 15, «Әлеуметтік ғылымдар, бизнес және құқық» – 10.

 

Ескертпе: Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның 2020 жылғы 30 сәуірдегі шешімімен 2020 жылға 555 стипендия белгіленді.