Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл


Қапышева Алтын-Ай Әмірғалиқызы



1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазақ гуманитарлық заң университетінің халықаралық құқық факультетін үздік бітірген. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Сот төрелігі институтының «Заңтану» мамандығы бойынша арнайы мамандандырылған магистратурасын да үздік тәмамдаған.   

Еңбек жолын 2002 жылы сақтандыру саласында бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде заңгер лауазымында, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің «Капиталмұнайгаз» ММ-нде біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санаттағы маман, заң кеңесшісі, Заң бөлімінің бастығы, директордың заң мәселелері бойынша кеңесшісі лауазымдарында қызмет атқарды. Жеке меншік салада бірінші басшы лауазымдарында, сондай-ақ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-нда бас заңгер қызметінде тәжірибесі бар. 

Соңғы 12 жыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүйесінде әр түрлі лауазымдарда, сарапшы лауазымынан бастап, Заң департаменті Құқықтық қамтамсыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, 2021 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне іссапарға жолданған.

2021 жылдың наурыз айынан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның Комплаенс-офицері – Әдет жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.