Тағылымдама
Құттықтаймыз, Сіз «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атандыңыз!
Сіз «Болашақ» стипендиясының иегері атанған соң, сізге келесі шарттарды орындау қажет:
Құқықтық қамтамасыз ету бөліміне хабарласып, тағылымдамадан өтуге шарт жасасу;
шарт жасасқан соң, кураторыңызға жолығу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен танысу
қаржылық кепіл хатына өтініш жазу (елшілікке және тілдік мектебіне);
қаржылық кепіл хатының көшірмесін шетелдік мекемеге жіберу;
Визаға қажетті құжаттарды жинау («ВИЗА» тарауынан қараңыз);
Консулдық алымды төлеу;
Визаға қажетті құжаттарды белгіленген уақыт бойынша тапсыру;
Оқу еліне шығар алдында бір ай бұрын төлем карточкасын жасап, «Болашақ» стипендиясы иегерінің төлем карточкасы бойынша мәліметті Ф-1 нысанын толтырып қаржыландыру бөліміне жіберу;
Виза алу;
Визаны алған соң сканерленген көшірмесін кураторға жіберу
Авиабилетті сатып алуға өтініш жазу.
Тағылымдамадан өту барысында әр стипендиат келесі шарттарды орындауы қажет;
Полиция қызметі тізіміне тіркелу (оқу еліндегі көші-қон талаптарына байланысты);
Тілдік курстарын өту мектебіне тізімге тіркелу;
медициналық сақтандыруды ресімдеу;
тағылымдамадан өту бағдарламасына өзгерістер енгізуге тыйым салынады;
шақыру хатында көрсетілген мерзім бойынша тағылымдамадан өту;
тағылымдамадан өту бағдарламасында берілген шаралардан өту;
6 айдан көп болған жағдайда жарты жылдық есеп және тағылымдама жетекшісінің пікірін кураторға жолдау;
Кураторыңызбен әрдайым байланыста болу және қандай да бір өзгерістер енген жағдайда хабардар ету.
Тағылымдаманы аяқтаған соң барлық стипендия иегерлері келесі талаптарды орындауы тиіс:
3 жылдық еңбекпен өтуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасына оралу;
Тағылымдаманы аяқтауға байланысты өтініш жазу
Қазақстан Республикасына оралғаны туралы кедендік белгісі бар төлқұжат көшірмесін ұсыну;
Тағылымдаманы аяқтау туралы құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі баламасын ұсыну;
Тағылымдаманы аяқтау туралы есеп және тағылымдама жетекшісінің қорытынды пікірін ұсыну;
Түлектермен жұмыс бөліміне әр жарты жыл сайын жұмыс орнынан анықтама ұсыну.