Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі берген ұсынымдарды орындау үшін Қоғаммен келесі жұмыстар жүргізілді және жүргізілуде.

 

1. Басым мамандықтардың жаңа тізбесі

 

Стипендия алуға болатын басым мамандықтардың тізбесі жұмыс органы еңбек нарығы қажеттілігінің орта мерзімді болжамы негізінде қалыптастыратын болады. Бұл Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарында сұранысқа ие жоғары білікті кадрларды даярлауға көмектеседі.

 

2. Халықаралық стипендияға үміткерлер үшін квоталық санаттар таратылды/күшін жойды

 

Стипендияға барлық үміткерлер үшін тең мүмкіндіктер. Үміткерлердің барлық жеңілдік квоталық санаттары жойылды. Барлық үміткерлер шетелдік ЖОО – ға өз бетінше түсу қажет.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерден кандидаттарды қоспағанда, бұрын ұсынылған алдын ала тілдік дайындық жаңа қағидамен жойылды.

 

3. Халықаралық стипендиясы үміткерлеріне мемлекеттік және шет тілдерін білу бойынша талаптарды арттыру.

 

Жаңа Қағида бойынша іріктеу турлары аясында тілдерді білу деңгейін тексеру алынып тасталды. Үміткерлер өз бетінше тест тапсырып, құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік (KazTEST В1) және шет тілдерін (IELTS 6.5 баламасы) білу сертификаттарын ұсынуы тиіс.

 

4. Халықаралық стипендиясына барлық үміткерлер үшін конкурстық іріктеу турларының санын қысқарту.

 

Конкурстық іріктеудің 6 турының орнына барлығы 3 болады. Мотивациялық және ұсыныс хаттарын бағалау, сондай-ақ мемлекеттік және шет тілдерін білу деңгейін анықтау бойынша тур жойылады. Іріктеу турлары зияткерлік және эмоциялық IQ деңгейін анықтау, тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен жеке әңгімелесу және шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кандидаттарды қарауы үшін кешенді тесттен тұрады.

 

5. Тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысы

 

Тәуелсіз сараптау комиссиясының (ҰЭК) құрамына қойылатын талаптар артуда – енді комиссияның 3 мүшесінің орнына кемінде 5 адам шешім қабылдайды. Үміткерлерді іріктеудің барлық процесі және Комиссияның барлық отырыстары онлайн режимінде көрсетілетін болады. Комиссия өз жұмысы кезінде қоя алатын сұрақтардың, оның ішінде қосымша сұрақтардың саны нақты регламенттелетін болады.

 

6. Қабылдау және конкурстық іріктеуді автоматтандыру

 

Электрондық үкіметтің веб-порталындағы үміткердің жеке кабинеті арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі толығымен автоматтандырылған. Адами факторды азайту мақсатында қазіргі уақытта конкурстық іріктеу кезеңдерін автоматтандыруды қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, іріктеудің барлық процесі сандық платформаны пайдалана отырып, президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша жүргізілетін болады.

Қоғам сондай-ақ қадамдық нұсқаулық әзірледі және регламенттеуші құжаттарға сәйкес конкурстық іріктеуге тартылған қызметкерлердің жауапкершілігін күшейтті.

 

7. Әкімшіні сапалы қайта жүктеу

 

2019 жылғы қыркүйектен бастап бағдарлама әкімшісінің жұмысында өзгерістер болып жатыр: 4 тәуелсіз директорды қосу арқылы орталықтың Директорлар кеңесі күшейтілді, бейінді бөлімшелерге, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасынан кәсіби кадрлар тартылды, Шетелдегі өкілдіктер саны қысқартылды. Баспасөз хатшысы және Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымдары енгізілді, сондай-ақ орталықтың штаты 10%-ға қысқартылды.

Комплаенс-офицер – Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілді, оның жұмысының мақсаты мүдделер қақтығысын реттеу және ішкі корпоративтік мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзумен байланысты ықтимал тәуекелдерді, оның ішінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау болады. Конкурстың барлық кезеңдерінің барынша ашықтығына қол жеткізу және объективті шешім қабылдау мақсатында бос лауазымдарға жаңа қызметкерлерді қабылдауды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, жұмыскерлердің қызметі тиімділігінің әдістемесі әзірленді.