КӘРІБОЗОВА АЙНҰР БАҒДАТҚЫЗЫ

    Президент

    1978 жылы туған. Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде Лондон экономика мектебінің «Мемлекеттік басқару және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген. 2000–2019 жылдар аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті, Ақпарат және талдау басқармасы, Қазақстанның Оңтүстік Корея және Ұлыбританиядағы елшіліктерінде қызмет етіп, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы Оқытуды ұйымдастыру және мониторинг департаментінің директоры, «KazakhInvest» АҚ және «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының Ұлыбританиядағы өкілдіктерінің басшысы лауазымдарын атқарған. Бірінші сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар.
        ДОСМҰХАМБЕТОВА ҒАЛИЯ БАЙЖАНҚЫЗЫ

        Вице-президент

        1984 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін «әлем экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлегі, бағдарлама шеңберінде Ұлыбританиядағы Дарэм университетінде (Durham University) «Корпоративтік және халықаралық қаржы» мамандығы бойынша білім алған (2007 ж.). ҚР Ұлттық Банкінің «қаржылық тәуекел менеджері» мамандығы бойынша МВА (2008 ж.), «Экономика» мамандығы бойынша PhD дәрежесі бар. Еңбек қызметін 2007 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясында оқытушы ретінде бастаған. 2009 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика Бизнес Мектебінің оқытушысы болып, «банк тәуекелдері», «қаржы», «салықтар», «корпоративтік қаржы» пәндерінен дәріс оқыған. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да Түлектермен жұмыс жөніндегі департаменттің бас менеджері ретінде бастап, кейінірек Азия, Океания және ТМД елдері бөлімінің бастығы лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның вице-президенті болып сайланды.