УКРАИНАДА БІЛІМ АЛУ ҮШІН 40 БІЛІМ ГРАНТЫ БӨЛІНДІ

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украинаның Білім және ғылым министрлігі арасындағы Келісім шеңберінде Украинаның жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқуға құжаттар қабылдауды жариялайды.

 

Қазақстан азаматтарына 40 грант бөлінді:

– 30 «бакалавр» білім беру дәрежесі бойынша;

– 10 «магистр» білім беру дәрежесі бойынша.

 

Құжаттардың толық пакетін қабылдау мерзімі 2021 жылдың 18 ақпанына дейін.

 

Жоғары оқу орындары мен мамандықтар тізімін мына сілтеме бойынша таңдауға болады https://registry.edbo.gov.ua/.

 

Украинаның үкіметтік гранты бағдарламасына тек мемлекеттік жоғары оқу орындары қатысатынын ескеруді сұраймыз. Медициналық мамандықтар бойынша гранттар бөлінбейді.

 

– Грант бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқу шығындарын өтеуді қарастырады;

– Бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша оқу кезінде шәкіртақы төленеді. Дайындық бөлімінде (тілдік курстарда) оқу кезеңінде стипендия төленбейді;

– Украина заңнамасына сәйкес ішінара тегін медициналық қызмет көрсету;

– Стипендиат есебінен жатақханада тұру.

 

Оқыту тек украин тілінде жүзеге асырылады. Оқыту тілін білмейтін кандидаттар шетел азаматтары үшін жоғары білім беру мекемелерінің дайындық бөлімшелеріне қабылдануы мүмкін.

 

Құжаттарды тапсыру үшін «электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы қызметін https://egov.kz/cms/ru/services/higher_education/pass_203_mon?fbclid=IwAR0M2Tclj3eRRa-_pJgF5XA77TyHrnBtXFowGW4NjsswkY0vOpgMsEiPMUw  пайдалануды сұраймыз.

 

ЭЦҚ онлайн режимде (қашықтан) алу жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме бойынша таныса аласыз https://egov.kz/cms/ru/services/pass_onlineecp?fbclid=IwAR3DQH_konXneJ936ADfgNatZofSDGONJQTOR1J3ZH-_I6yNP1a9Tvq1jvA , егер электрондық қызметтерді алу кезінде қиындықтар туындаса, алдыңғы сілтеме бойынша виртуалды операторға жүгіне аласыз немесе 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалуға болады.

 

 

Құжаттарды тапсыру мәселелері бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ  +7 (7172) 769-082, 76-90-84 телефондары арқылы хабарласуға болады; email: Info@bolashak.gov.kz

 

Құжаттарды тапсыру бойынша жадынама Украина

 

Сауалнама
Шетелге шығатын ҚР азаматының сауалнамасы
Деректер жинауға келісім
«Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» қызметі бойынша құжаттарды тапсыру жөніндегі бейне-нұсқаулық